Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар

Читать онлайн.
Название Шежірем сыр шертсе
Автор произведения Тажис Мынжасар
Жанр История
Серия
Издательство История
Год выпуска 2015
isbn



Скачать книгу

жұдырық дегендей, оны тастап көше бастады. Нәтижесінде Таһир хан хандықтағы үстемдігінен айрылып, Жетісуды ғана иемденіп қалды. Онда да өз билігін сақтап қалу үшін жеріне көзалартуын тоқтатпаған өзбек Сұлтан Саидхан мен қырғыз манаптарымен үнемі соғысумен болды.

      Қазақ хандығының жағдайы 16 ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан (1538–1580) билік еткен кезеңде ғана оңала бастады. Оның ұтқыр дипломатия мен жігерлі қимылдарының нәтижесінде хандық саяси жағынан қайта өркендей бастады. Жайықтың сол жағалауындағы толып жатқан көшпелі ру-тайпаларды өзіне бағындырып, Жетісу мен Тянь-Шаньға көз тігуін тоқтатпаған моғолстан ханы Әбд ар-Рашидке, Жетісудың шығысынан қауіп төндірген ойрат қалмақтарына тойтарыс берді. Көршілес орыс мемлекетімен саяси және экономикалық байланысын жандандыра түсті. Орта Азия халықтарымен бейбіт экономикалық-сауда қатынастарын одан әрі күшейтті. Нәтижесінде халықтың хал-ақуалы, тұрмыс жағдайы едәуір жақсара түсіп, сұлтандардың ішкі алауыздық, қырқысы бәсеңсіді.

      Бұл ұтымды саясаттың хандық үшін аса тиімділігін Ақназар ханнан кейін жақсы түсінген Тәуекел хан болды. 1583 жылы қиын да болса, ел қорғанысы үшін аса қажеттігін түсініп, Бұхармен арадағы келісім-шартты бұзып, Сырдария бойындағы бұрынғы қазақ қалалары мен Ташкентті басып алып, өзіне қаратты. Ресеймен одақ құруға күшін салды. Осыған байланысты Мәскеудегі Ораз-Мұхаммедтің орнына аманатқа ұлы Хұсайынды қалдыруға дейін барды. Нәтижесінде орыстар әскери күшпен көмек көрсетіп отырды. Орта Азия мемлекеттеріне ықпал-әсерін күшейту мақсатында 1598 жылы Самархан мен Бұхараға жасаған жорығында қатты жараланып қайтыс болғаннан кейін, таққа інісі Шығайұлы Есімхан (1598–1645) отырды.

      Соғыс, шайқастарда үнемі ерлігімен айрықша көзге түсетін оны халқы құрметпен «Еңсегей бойлы ер Есім» атап кетті. Ол Бұхармен жасалған бейбіт келісім-шарттың нәтижесінде Сырдария қалалары мен Ташкентті біржолата Қазақ хандығына қаратып, оңтүстігіндегі маңызды сауда-қолөнер орталықтарын өзіне бағындырды. Осы көреген саясатының нәтижесінде экономикалық сауда-саттық қатынастары үшін аса маңызды Ташкент қаласы мен оның атырабы 200 жыл бойы қазақ хандарының билігінде болды. Қазақ хандығына үнемі қауіп төндіруші ойрат қалмақтарын тойтарып отырды. Бейбіт қатар өмір сүру үшін қазақ-қырғыз ынтымағын нығайтуға барынша күш салды.

      Ішкі саясатында Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекет етуді көздеді. Сондықтан ел басқаруында бір ханға бағынуды, соғыс істерінде болсын, бейбіт тұрмыс тіршіліктерінде болсын бір ханның шешіміне бой ұруды уағыздады. Осыған байланысты ішкі өмірде халыққа ықпал-әсері көп феодалдық, діни топтардың мүддесін көздеп, ескі салт-дәстүр, жөн-жоралғыларды: қанға қан алуды, кек алуды, құн төлеуді, барымта алуды, құл сатуды, жазаға дүре соғуды, көп әйел алуды, әмеңгерлікті, зекет, ұшыр жинауды, ескі діни сенімдерді ұстануды жан-жақты насихаттауды қолдап отырды. Осы үшін де қарапайым халық оның бұл реформаларын ел арасында «Есім ханның