Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар

Читать онлайн.
Название Шежірем сыр шертсе
Автор произведения Тажис Мынжасар
Жанр История
Серия
Издательство История
Год выпуска 2015
isbn



Скачать книгу

«Сырдың сырлы сыры». Арыс. Алматы. 2005 ж. «Шөменнің алтын сақасы» тарауы. 149 б.).

      Осы жерде айта кететін жай мынау. Хан бір өзі шешім шығарып, ақ патшаға бір өзі хат жазбаған шығар дейміз. Қасында қаншама ру басы би, батырлары болды. Не істесе де солармен кеңесіп барып істеді ғой. Біздіңше хан сатқындық жасаса кейін артынан өзге ру, төрелер арасынан жоғарыдағыдай айтулы іздеуші, жоқтаушылар тобы шықпас еді деп те ойлаймыз. Барақ сұлтанның әрекеті айбыны асқақтап бара жатқан ханды көре алмаушылықтан туған жала екендігі көпе-көрнеу.

      Бірқатар зерттеушілер азулы, ақылды, сайыпқыран Әбілхайыр хан Жайық казактарының басқыншылық әрекеттеріне үздіксіз, толассыз тойтарыс беріп, Орыс империясының сонау 1 Пётр патшаның кезінен-ақ шексіз, созылып жатқан қазақ жерін жаулап алуды мақсат еткен жымысқы, құйтырқы геосаясатын тамақтарына кесе-көлденең тұрып қалған сүйектей болдыртпай, жүзеге асыртпай келген хан, сондықтан амалы қалмаған ақ патша астыртын оған Барақ сұлтанды айдап салып, ақыры көзін жойып тынды деп жазып жүр. Сөздері қисынды деп санаймыз.

      Жоғарыда бұрмаланып аударылған деп айтқандайын, осыған дейін барлық дерек көздерінде жұртшылыққа Әбілқайырдың ақ патшадан бодан сұрап жазған хаты деп ұсынылып келген құжаттың жалған екендігі жуырда анықталды. Қанша заман өтсе де Аллаһ-тағала ақыры шындықты жарыққа шығарды. Мұрағаттардың бірінен Әбілқайыр хан жазған хаттың түпнұсқасы табылды. Оның мазмұны біз білетін құжатпен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Сөзіміз дәлелді болуы үшін біз осы жайды зерделеушілердің бірі, түрік тарихын ертеден-ақ зерттеп, талай еңбек жазып келе жатқан, көпшілікке кең танымал, тарих ғылымдарының кандидаты, Мадрид және Қазақ-Американ университетінің профессоры, испан, португал тілдерінен қазақтың аса жетік маманы, өзіміз көптен білетін алшын Самат Өтениязовтың жуырда ғана, яғни өткен жылдың 11 желтоқсанында "Ана тілі" газетінің 49–50 нөмірлерінде жариялаған "Жаңа заманның шамшырағы – Қазақ мемлекеті" атты зерттеу еңбегінен үзінді ұсынамыз. Онда Әбілқайыр хан турасында былай деп жазылған: "Қазақ-орыс қатынасы тарихындағы трагедияның үлкені Ақтабан шұбұрынды оқиғасы болса, ұлт-азаттық соғыстардың жарқын тарихы Әбілхайыр хан бейнесі екенін мойындаймыз. Бұл жағдайды сонау 90-жылдар соңында академик М.Қозыбаев пен профессор Ж.Қасымбаев – Әбілхайыр хан тарихын қайта қарау керек деп мәселе көтерген еді. Қазақ хандарының еліміз тарихындағы орнын "Ұлт мүддесі үшін ғасырлар бойы күрес жүргізген Әз-Жәнібек хан, Керей хан, Қасым хан, Әз-Тәуке, Әбілхайыр хан сияқты тұлғалардың дәуір тарихында шоқтығы биік-ақ" (8) деп жазған еді М.Қозыбаев. Әбілхайыр Ресейге қарсы 48 жыл бойы соғысып, қалайша бодан болуға өтініш жазды екен деп күдіктенген Ж.Қасымбаев осы тарихи тұлғаның тарихын қайта қарау керектігін айтқан еді (9). Алайда 2000 жылы Әбілхайырдың тарихи хатының түпнұсқасы оқылғанда төбеден жай түскендей әсер етті. Біз осы уақытқа дейін оның орысша аудармасын пайдаланып келіппіз. Сол орысша аудармасы талай ұрпақты жаңылыстырып келген