Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар

Читать онлайн.
Название Шежірем сыр шертсе
Автор произведения Тажис Мынжасар
Жанр История
Серия
Издательство История
Год выпуска 2015
isbn



Скачать книгу

сақталып қалған жағрафиялық топонимдерден оларға да қатысты аргу, яргу тәріздес қоныс атаулары ұшыратылған еді. Бірақ олар алшындармен бірге Алтайдан асқанымен, батысқа қарай жылжып, Қазақияны құруға қатысты ма, әлде көш басын сол арқа жеріне тіреп, сонда табан тоқтатып қалып қойды ма ол жағын біз білмейміз. Бұл жөнінде бізде ақпар жоқ.

      Бірақ арғындардың Алтайдан асып, арқа жеріне жетіп, тоқтағандары жөнінде жазба деректер де бар. Арқадағы арғындар жөнінде атағы төрткүл дүниеге мәлім әйгілі жиһангер, ғалым Марко Поло да, шығыстанушы, Орта Азия мен Қазақстан тарихын жете зерттеуші белгілі ғалым Н.А.Аристов те жеткізе жазды. Ал аты шығыс елдеріне мәшһүр ғалым В.В.Бартольд еңбектері мен Қазақ Совет энциклопедиясында бұл турасында: "Тарихи мәліметтерде А. аты бірнеше түрде кездеседі: Ғын, Ғұн, Ақ Ғұн, Қара Ғұн, Аруғ-Ғун, Тағ-Ғун. Мұндағы Ақ-Ғун, Аруғ-Ғұн–екеуі бір мәнді сөз. Мұндай аттар ежелгі тайпалар арасында жиі кездеседі… Әл-Бируни мен Ауфидің көрсетуі бойынша, Ғұн (Құн) одан бұрын Алтай тауының төңірегінде, Обь өзені бойында болған. Кайы (Оғыз) тайпасының Батысқа қарай жылжуына байланысты Ғұндар да қозғалып, "Сары" деген жерге келіп орналасады. И. Маркварттың зерттеуі бойынша, бұл уақиға 7 ғ-да болған. Ғалымдар "Сары" деген жерді Монғолиядан, Қашғариядан, Түркмениядан іздеп таба алмаған. Ғұндардың Ертіс бойындағы қыпшақтарды ығыстыруына қарағанда, олардың келіп тоқтаған жері Сары [Арқа] екені байқалады. Ауфидің жазуы бойынша, бұл геогр. атау сол кезде-ақ қолданылған (Бартольд В.В., Соч., т. 5, с. 395). Дешті Қыпшақта (Сарыарқада) жасаған А-дар Қыпшақ тайпасымен көршілес отырады. Қазақ шежіресі де солай дейді",-делінген (Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы. 1972 ж. 1 т. 450–451 б.б.). Бұлар басқа жағын болмаса да арғындардың Алтайдан асып келгендігін дәлелдейтін деректер.

      Бүгінде Ресейдің құрамына кіретін Алтай өлкесінен берілетін кабелді телеарна хабарларын тамашалай қалсаңыз, оның халқының түр-түсі, киім-киісі, той тойлайтын әдет-дәстүрі, шаруашылық тірлігі, мереке күндеріне арнап тігетін киіз үйлері, айтатын ән ырғақтары мен сөйлеу мәшіні біздікіне өте ұқсастығымен қатты таңқалдырады. Сөз жоқ, бұл сонау әлімсақ заманда Алтай жерінде қалып қойған өзімізге туысқан тайпалар жұрнағы екендігі дәлелдеуді қажет етпейді.

      Ел арасында жиі айтылып жүрген «Алтайдың ар жағынан келген ару» деген Тынышбай Рақымның әні де кезінде сол жақтан келген туысқан ару қызға арналған әсем ән екендігі күмән туғызбайды. Бұл да біздердің, қазақтардың дені Алтайдан асып келген халық екендігімізді растайтын тағы бір дәлел.

      Сонымен сөзімізді түйіндерде жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, көне Қазақияның қарашаңырағы кезінде одан бөлініп кеткен бүгінгі черкес, қарашай, құмық, балкар, кабарды, абазиндер емес, одан қалған тәбәрік–Қазақияның байырғы қазақ атын бүгінге дейін ұмыттырмай жеткізген, кейін ұлы жүз–Үйсін, орта жүз–Арғын, кіші жүз–Алшын деп үш тарау ел болып біріккен біздер, бүгінгі қазақтар дегіміз келеді.

      Бөліп-жарып айтатын несі