Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері. Қарлығаш Мұхтарова

Читать онлайн.



Скачать книгу

Зерттеулер қатарына сүйенсек, басқару ғылымы шеңберіндегі үлгілеу әдістерінің деңгейі үлгілерді қолдану деңгейінен әлде қайда жоғары екендігі көрінеді. Жоғарыда аталып кеткендей, осындай жағдайдың негізгі себептерінің бірі – қорқыныш. Басқа себептер – бұл біліктіліктің жетіспеуі және өзгерістерге қарсылық. Бұл мәселе үлгіні құру барысында штабтық мамандардың тұтынушыларды қатыстыру өзектілігін көрсетеді. Адамдар мәселені, әдісті немесе өзгерісті талқылау және түсіну мүмкіндігіне ие болғанда, олардың қарсылығы төмендейді.

      Аса қымбат құн. Басқарудың басқа әдістері сияқты, үлгіні қолданудың тиімділігі оның құнын толығымен өтеу керек. Үлгілеуге жұмсалатын шығындарды жоспарлау барысында басқарушы жоғарғы және төмен буындағы жетекшілердің үлгіні құруға, ақпаратты жинауға, оқытуға жұмсаған уақыттарын, шығындарын, ақпаратты өңдеу және сақтау құнын ескеру керек.

      4. Менеджмент жүйесіндегі үлгілер және оларды қолдану салалары

      Басқару ғылымындағы үлгілердің саны, сол үлгілер шешуге арналған мәселелер сияқты көп. Төменде олардың кең таралған типтері келтірілген. Біздің мақсатымыз бұл әдістерді қолдану тәсілдерін түсіндіру емес, сіздерге осындай үлгілердің мүмкіндіктерін және олар арналған шешімдердің түрлілігін көрсету. Бұл білім сізге өз мәселеңіз бойынша штабтық мамандармен тиімді ақпарат алысуға және олар ұсынатын үлгілер мен әдістер шешім қабылдауда қандай көмегін тигізетіні туралы ой өрісіңізді кеңейтуге мүмкіндік береді.

      Ойын теориясы. Ұйымның сәттілігі тәуелді болып табылатын өзгермелілердің ең маңыздыларының бірі – бәсекеге қабілеттілік. Бәсекелес ұйымдардың әрекетін алдын ала білу кез келген ұйымға артықшылық беретіні анық. Ойындар теориясы – қабылданған шешімнің бәсекелестерге тигізетін әсерін бағалауын үлгілеу әдісі.

      Ойындар теориясын ең алғаш болып әскерилер, стратегияда жаудың мүмкін әрекеттерін болжау мақсатында құрған. Бизнесте ойындық үлгілер бәсекелестердің бағалардың өзгеруіне, сатуды қолдау кампанияларға, қосымша қызмет көрсету ұсыныстарына, жаңа өнімді қабылдауға және өзгертуге байланысты көрсететін құлықтарын болжау үшін пайдаланады. Егер, мысалы, ойындар теориясын қолданып, басқарушы бағаларды көтеру кезінде бәсекелес бұндай әрекетті іске асырмаса, ол да бұдан бас тартуға мәжбүр, әйтпесе, бәсекелестікте артта қалуы мүмкін.

      Ойындар теориясы, осында келтірілген үлгілермен салыстырғанда, аз қолданылады. Өкінішке орай, қазіргі әлемдегі жағдайлар өте күрделі және жылдам өзгереді, сондықтан, бәсекелес жақ компанияның тактикасына қалай қарайтынын болжау қиынға соғады. Сонда да, ойындар теориясы – бәсекелестік жағдайында шешім қабылдау барысында маңызды және есепті қажет ететін факторларды ескеру мақсатында қолданылатын өте тиімді үлгі. Бұл ақпарат басшылыққа жағдайдың өзгеруіне әсерін тигізетін қосымша өзгермелілер немесе факторларды ескеруге мүмкіндік беріп, шешімнің тиімділігін арттыратындықтай