Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері. Қарлығаш Мұхтарова

Читать онлайн.



Скачать книгу

ақпарат береді. 200 мыңды 4 ке бөліп, 50 мыңды аламыз, яғни, жоба тиімді болу үшін 50 мың дана кітапты сату керек. Теңдеу нысанында шығынсыздық төмендегідей келтіріледі (1 формуланы қара):

TFC=BEP×(P-VC) немесе BEP=TFC/(P-VC), (1)

      мұнда: ТFС – жалпы тұрақты шығындар,

      Р – өнім бірлігінің бағасы,

      VС – өзгермелі шығындар.

      Формуланы пайдаланып, бұрынғы мәлімет негізінде біз қарапайым есептеуде алынған нәтижені аламыз:

      ВЕР=ТFС/(Р-VС) = 200 000/(10-6) = 200 000/4 = 50 000 дана кітап.

      Шығынсыздық нүктесін анықтау, салыстырмалы қарапайым операция бола тұра, пайдалы ақпараттың үлкен көлемін береді. ВЕР өлшемінің және сату көлемін бағалаудың қатынасында басқарушы жобаның тиімділігін және тәуекел мөлшерін көре алады. Баспа нарығын сараптау нәтижесінде сату потенциалы 80 000 дана екені анықталса, кітапты басып шығару табысты және тәуекелдің кіші көлемімен байланысты болатындығын білдіреді. Ал 35 000 дана көлемінде сату тәуекелді болады.

      Өзгермелілердің бір немесе бірнеше санының пайдаға қалай әсер ететінін анықтау қиынға соқпайды. Мысалы, баспашы Р көлемін 1 ден 11 долларға көтерсе, ВЕР 40 000 дана кітапқа дейін түсу керек, ол VС дің көлемінің өзгеруінде осындай өзгерістерге ұшырайды. Осылайша, шығынсыздық сараптамасы фирма үшін тиімді болатын баламалы әрекеттерді таңдап алуға мүмкіндік береді. Баспашылар ғылыми кітаптарды басып шығаруға талпынады, бірақ оларды сату нарығы оқулықтарды сату нарығынан төмен болғандықтан, ғылыми кітаптар авторларына азырақ гонорар төлеп, баспаның екінші түсінен бас тартуға мәжбүр болады. Осындай жағдай оқулық шығарумен салыстырғанда жалпы тұрақты және өзгермелі шығындарды екі есе азайтуға мүмкіндік береді. Бірақ, нәтжесінде, кітаптың сыртқы келбеті нашарлайды, нәтижесінде, тұтынушы бәсекелестін өнімін алуды ұйғарса, пайда шығынсыздық нүктесінен төмен түседі.

      Шығынсыздықты қамтамасыз ететін өндіріс көлемін оған сәйкес келетін шығындарды анықтау мүмкін болған жағдайда, кез келген өнім немесе қызмет түрі үшін есептеп шығаруға болады. Ол ұшақтағы бос емес орындар саны, мейрамханадағы бос емес үстелдер саны, жаңа типті автокөлікті сатылу көлемі болуы мүмкін. Экономикалық сараптаудың басқа үлгілері инвестицияланған капиталдан табатын пайданы, таза табыс көлемін, фирмадағы бір акцияға дивиденттің мөлшерін анықтау үшін қолданылады. Бұл үлгілер қаржы және есеп курстарында қарастырылады. Негізінде, бухгалтерлік есеп әдістерінің барлығы фирманың жұмыс көрсеткіштерін және қаржы жағдайын анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық сараптау үлгілеріне сүйенуі керек.

      Төлем матрицасы. Басшылықпен қабылданатын әр шешімнің мәні – алдын ала тұжырымдалған нақты критерийлер бойынша бірнеше баламалардың ішінен ең тиімдісін таңдау. Төлем матрицасы – статистикалық теориялар шешімдері әдістерінің бірі; басқарушыға бірнеше варианттың біреуін таңдауға көмек беретін әдіс. Ол, қай стратегия мақсатқа жетуге септігін тигізетіні туралы шешім қабылдауда өте тиімді.

      Н. Пол Лумба айтқандай: