Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері. Қарлығаш Мұхтарова

Читать онлайн.



Скачать книгу

идеясы телекомпания қызметкерлерінің наразылығын тудырды, бірақ Чао және оның бастығы Барри Диллер өздерінің түйсіктеріне сүйеніп, бұл жобалардың іске асырылуына қол жеткізді.

      Сонымен қатар, түйсікке сүйеніп қабылданған шешімдердің теріс нәтижеге әкелген жағдайлардың мысалдары баршылық, сондықтан, зерттеулерде көрсетілгендей, менеджерлер абайлап шешім қабылдап, түйсікті тек ыңғайлы жағдайларда қолдану керек, өйткені ол барлық мәселені шешетін сиқырлы құрал емес. Менеджерлер екі шектің арасында шекара сызығын жүргізе алады: бір жағынан – алдын ала зерттеу жүргізбей еркін шешім қабылдау, екінші жағынан – рационалды сараптауға көп жүгіну. Олардың бірі екіншісінен артық емес, менеджерлерге теңдестірілген вариант қажет, ол үшін рационалдылықты да, түйсікті де тиімді шешім қабылдаудың маңызды компоненттері ретінде қарастыру қажет.

      Тапсырма. Жаңа менеджер ретінде өзіңіздің саяси қабілетіңізді мақсаттар мен мәселені шешу жолдары жөніндегі қайшылықтар жағдайында шешім қабылдау үшін пайдаланыңыз. Басқа менеджерлермен немесе қызметкерлермен әңгімелесіп, Сіз қолдайтын шешімді немесе мақсатты қолдаудың тиімділігін талқылаңыз. Ымыраға келуге және керек жағдайда басқа адамдарға қолдау көрсете үйреніңіз.

      Үлгілеуден пайданы тек екі шартты орындап қана алуға болады: Үлгі түпнұсқаның зерттелетін операция тұрғысынан нақтылы қасиеттерін сапалы сипатайды.

      Үлгі нақтылы объектілерде жүргізілетін зерттеулерге тән мәселелер мен қиындықтарды жоюға (шешуге) мүмкіндік береді.

      Үлгілердің үш базалық типі бар – физикалық, математикалық және ұқсастылық үлгілері (1-суретті қара):

      1-сурет. Үлгілердің үш базалық типі

      Физикалық үлгі зерттелетін нәрсені, объектіні немесе жүйені үлкейтіп немесе кішірейтіп суреттеудің көмегімен көрсетеді. Шеннон атап көрсеткендей: «Физикалық (яғни, «портреттік») үлгінің ерекше мінездемесі – оның үлгіленетін тұтастық сияқты болуында».

      Физикалық үлгінің мысалы зауыт – зауыт сызбасының үлгісі, оның кішірейтілген үлгісі, жобалаушы сызбасының белгілі бір масштабта кішірейтілген варианты. Осындай физикалық үлгі визуалды қабылдауды жеңілдетіп, белгілі бір жабдық оған арналған орынға сай келе алатынын білуді көмектесіп, адамдар және материалдар қозғалысын жеңілдету үшін есіктерді орналастыру сияқты қосалқы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

      Авто және әуе көліктерін өндіретін өнеркәсіптер әрқашан да жаңа тасымалдау құралдарының белгілі бір мінездемелерін тексеру үшін олардың физикалық кішірейтілген көшірмелерін дайындайды. Дәл көшірмесі бола тұрып, үлгі жобаланған жаңа автомобильге не ұшаққа сай құлық көрсету керек, және ол түпнұсқадан әлдеқайда арзан тұрады. Дәл осылай, құрылыс компаниялары әрқашан да өндірістік және әкімшілдік корпустың немесе қор сақтау объектісінің құрылысын бастамай тұрып, оның кішірейтілген үлісін жасайды.

      Ұқсастылық үлгісі зерттелу