Институционалды экономика. Ғалия Даулиева

Читать онлайн.
Название Институционалды экономика
Автор произведения Ғалия Даулиева
Жанр Зарубежная образовательная литература
Серия
Издательство Зарубежная образовательная литература
Год выпуска 2015
isbn 978-601-04-1559-1



Скачать книгу

модельдерінің жіктемесі:

      Ойындар теориясындағы базалық модельдер Нэш тепе-теңдігіндегі нүктелер саны олардың Штакельберг, Парето тепе-теңдіктерімен сәйкестігі немесе сәйкессіздігі бойынша ерекшеленеді.

      1) N1 = St1 = St2 = Р ≠ N2

      2) N1 = St1 = St2 = Р

      3) N = St1 = St2 ≠ Р

      4) N1 = St1 = Р1 = N2 = St2 = Р2

      5) N = St1 = Р1 = St2 = Р2

      6) N = St1 = St2 = Р

      7) St1 = Р = St2 = Р2

      8) St1 = Р = St2 = Р2

      Бұл модельдер индивидтер қарым-қатынасында үйлестіру, сәйкестілік, бірігу, әділетсіздік мәселелері орын алатынын көрсетеді.

      Үйлестіру мәселесі Нэш бойынша екі тепе-теңдік нүктесі орын алған жағдайда пайда болады (І, IV модельдер). Бұл мәселенің шешілуі қосымша институционалды шарттардың енгізілуіне, фокальды нүктелерге немесе келісімдерге тәуелді.

      Сәйкестілік мәселесі Нэш тепе-теңдігі болмаған жағдайда пайда болады (VII, VIII модельдер). Институттар таңдауды шектемеген жағдайда индивидтер өз іс-әрекеттерін үйлестіре алмайды.

      Нэш тепе-теңдігі болмаған немесе ол бірегей және Парето тиімсіз болған жағдайда бірігу мәселесі туындайды (ІІІ модель). Бұл жағдайда да қосымша институционалды шектемелердің, нормалардың енгізілуі Парето-тиімді нәтижеге жетуге әкеледі.

      Егер Нэш бойынша, бірегей тепе-теңдік ұтымның қатысушылары арасында асимметриялы, әділетсіз бөлінуімен сипатталса, әділеттілік мәселесі пайда болады (V, VI модельдер). Бұл мәселенің шешілу нұсқаларының бірі – қайталанбалы ойындарға ауысу және «аралас» стратегия негізінде нормалардың қалыптасуы.

      Қайталанатын ойындарда қарым-қатынас аралас және эволюциялы тұрақты стратегияларда талданады.

      Аралас стратегия: ойыншылар белгілі бір таңдау жағдайда бірнеше рет қайталауда қарым-қатынас қиындайды. Олар стратегияны өзара комбинациялауға тырысады. Қайталанбалы байланыстарда ойыншылар өздерінде бар стратегияны қолдана алады. Стратегияны белгілі бір тізбекте алмастыру Нэш тепе-теңдігіне экономикалық агенттер күтімдерін рационалды түрде қалыптастырған жағдайда ғана әкеледі.

      Эволюциялы тұрақты стратегия: индивидтер белгілі бір таңдау жағдайына бірнеше рет қатысады, бірақ контрагент тұрақты болмауы мүмкін, демек, индивид әр кезде жаңа контрагентпен қарым-қатынасқа түседі. Контрагенттің қандай да болмасын стратегияны таңдауы аралас стратегияға және әрбір қатысушының талғамына да тәуелді. Потенциалды контрагенттердің бір бөлігі А стратегиясын, келесі бөлігі В стратегиясын таңдауы ықтимал, нәтижесінде тепе-теңдіктің жаңа түрі, эволюциялық-тұрақты стратегияның алғышарттары қалыптасады.

      Эволюциялық-тұрақты стратегия (ЕИ) – индивидтердің басым бөлігі бұл стратегияны ұстанған жағдайда, ешқандай балама стратегия оны табиғи іріктеу механизмі арқылы ығыстыра алмайтын стратегия.

      Тепе-теңдік нүктелерінің көбеюі және осы негізде үйлестіру, сәйкестілік, бірігу, әділеттілік мәселелерінің шешімдерінің табылуы қайталанбалы