Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева

Читать онлайн.
Название Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009)
Автор произведения Бақыт Бөжеева
Жанр Учебная литература
Серия
Издательство Учебная литература
Год выпуска 2010
isbn 9965-29-514-X



Скачать книгу

заңдар, 1971 жылы балалар мен студенттерге міндетті сақтандыруды таратқан «әлеуметтік сақтандыру туралы заңы», 1972 жылы зейнетке шығу жасы 63 жасқа дейін төмендетілді, төменгі зейнетақы көлемі көбейтілді.

      Брандт үкіметінің қызметінің алғашқы жылдарында-ақ сыртқы саясатқа көп көңіл бөліне бастады. «Реформалар канцлері» Германияның әлемнің басқа елдерімен қатынасын түпкілікті өзгерту керек деп ойлады. Брандт Еуропа халқының неміс халқы тарапынан туындайтын «тарихи үрейін» жоятын мәдени және гуманитарлық байланысты жандандыруға көп мән берді. Батыс германдық дипломатия Франция мен Бенилюкс елдерінің еуропалық интеграцияға байланысты, Еуропалық Қоғамдастық құрамын кеңейту, экономикалық және валюталық одақ жобасын («Вернер жоспары») дайындау жөніндегі жоспарларын мақұлдады.

      Сонымен қатар Мәскеу мен Вашингтон стратегиялық қару-жарақты шектеу жөніндегі келіссөздерін бастаған болатын, НАТО екіжақты саналы түрде әскер санын азайту жөнінде келіссөздерді бастауды ұсынған еді. 1969 жылдың 28 қарашасында ГФР Ядролық қаруды таратпау келісіміне қосылады. Жаңа үкімет өзара түсіністіктегі өз саясатын жүргізе бастайды. В.Брандт үкіметтік мәлімдемесінде негізінен елдің ішкі мәселесімен айналысатынын жариялаған еді. Ал іс жүзінде ол сыртқы саясатта маңызды жұмыс атқарды десек болады.

      В. Брандт үкіметінің сыртқы саясатының басты мақсаты Еуропаның шығысына «көпір салу» еді. Оның үкіметі «шығыс келісімшарттарымен» аяқталған КСРО, Польша, Чехославакия елдерімен келіссөздер жүргізеді.

      КСРО мен ГФР арасында күш қолданбау және статус статус-кво (status quo) жөнінде Мәскеу келісіміне 1970 жылдың тамызында қол қойылады. 1970 жылдың 7 желтоқсанында Варшава келісіміне қол қойылды. Келісімде аумақтық тұтастық пен шекараның мызғымастығы, «Қызыл крест» арқылы неміс ұлтының өз туыстарымен қосылуы қарастырылады.

      ГФР мен Чехословакия арасындағы келісімге 1973 жылдың 11 желтоқсанында қол қойылады. Бұл келісім негізінде 1938 жылғы Мюнхен келісімінің күші жойылады және келісімдердің мүшелері соғыстан кейінгі шекаралардың мызғымастығын мойындап, халықаралық қатынастарда күш қолданудан бас тартты.

      1971 жылдың 3 қыркүйек айында төртжақты (АҚШ, КСРО, Франция және Ұлыбритания) Берлин келісімі жасалды. Бұл келісімде Берлин қаласының Германия Федеративтік Республикасының конституциялық бөлігі болып есептелінбейтіндігі бекітіледі. Дегенмен, келісімде Германия Федеративтік Республикасының тек Батыс Берлинге қатысты өкілеттілігі мойындалады.

      Екі неміс мемлекеті арасындағы қарым-қатынастар жөніндегі келісімшартқа 1972 жылдың 21 желтоқсан айында қол қойылады. 1973 жылдың 18 қыркүйегінде екі неміс мемлекеті БҰҰ-ға мүшелікке қабылданады.

      Бұл келісімдердің өзекті мәселесі, ол – соғыстан кейінгі шекараның мызғымастығы, ешқандай күш қолданбау. Бірақ бұл келісімдердің бундестагтағы бекітілуі өте шиеленісті жағдайда өтті десек те болады. Алғашқы Мәскеу және Варшава келісімдерін бундестагта бекіту шын мәнінде,