Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева

Читать онлайн.
Название Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009)
Автор произведения Бақыт Бөжеева
Жанр Учебная литература
Серия
Издательство Учебная литература
Год выпуска 2010
isbn 9965-29-514-X



Скачать книгу

көмектесуге, қорғауға, қамқорлыққа алуға міндетті. Сондай-ақ мемлекет қарттарды, мүгедектерді, ауруларды және жұмыссыздарды әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыруы тиіс. Мұқтаждық көргендерге пәтер ақысын төлеуге, балаларына көмек көрсетуге, еңбек құқығын қорғауға, жұмыс уақытын реттеуге әлеуметтік жағынан жәрдемдесуі керек.

      Негізгі заңды қандай жағдайда өзгертуге, толықтауға болады? Яғни Негізгі заңды өзгерту үшін бундестагтың /парламент/ үштен екісі құптауға және бундесраттың / өлкелік палатасы/ үштен екісі қолдағанда ғана мүмкіндік туады. Кей жағдайда бундестагта немесе бундесратта қандай да партиялық топ көп дауысқа ие болса, Негізгі заңды өзгерту үшін кең көлемдегі келісім қажет. Сондай-ақ оппозицияның белгілі бір бөлігі келіскен жағдайда ғана өзгерту мүмкін болады. Ал Негізгі заңның кейбір баптары өзгертуге жатпайды. Ол –Федералды-мемлекеттік құрылыс, үкіметтік билікті бөлісу, мемлекеттің демократиялық, құқықтық және әлеуметтік парықтары және еркіндіктер мен теңдік құқықтары.

      Конституция бойынша заң шығару қызметін Бундестаг пен бундесрат атқарады. Мемлекеттік қызмет, яғни атқару міндеттемелері федералды президент пен федералды канцлердің басшылығымен федералды үкіметке жүктеледі, әділ сот қызметін конституция деңгейінде Федералды конституциялық сот атқарады.

      Германия Федеративтік Республикасының басшысы – федералды президент. Оны осы мақсатта шақырылған конституциялық орган федералды жиналыс сайлайды. Оған бундестаг депутаттары мен осынша көлемдегі өлкелік парламентте сайланған өкілдер енеді. Президент көпшілік дауыспен бес жылға сайланады және екі кезеңнен аспауға тиіс.

      Федералды президент-халықаралық құқық негізінде мемлекетті білдіреді. Федерация атынан шетелдік мемлекеттермен келісімшарттарға келеді. Елшілерді тағайындайды және қабылдайды. Федералды соттар мен шенеуліктерді, офицерлер мен унтер-офицерлерді тағайындайды және қызметінен босатады, қылмыстыға жеңілдік жасай алады. Заңдардың күшіне енуінің конституциялығын бақылайды, тек содан кейін ғана заңдар жарияланады.

      Ол бундестагқа федералды канцлердің кандитаттығын ұсынады, кейін канцлердің ұсынысы бойынша федералды министрлерді тағайындайды және қызметінен босатады. Егер канцлердің өтініші бойынша оған деген сенім бундестаг жағынан қолдау таппаса, канцлердің ұсынысы бойынша президент бундестагты таратуды жариялайды (1972 және 1983 жылдары кезектен тыс сайлаулар өткен болатын). Федералды президент саяси қоғамның бірлестігінің бетпердесі.

      Бундестаг – елдегі халық өкілеттігі. Ол халықтың сайлауымен 4 жылға сайланады. Ең маңызды міндеті – заң шығару, федералды канцлерді сайлау және үкіметті бақылау. Бундестагтың қызметі негізінен комиссиялар арқылы жүзеге асырылады (сыртқы істер комиссиясы, әлеуметтік мәселе жөніндегі комиссия, бюджет жөніндегі комиссия, петициялық комиссияға кім де болса өтініш жасай алады). 1949 жылдан 1990 жылға дейін бундестаг 6700 заң жобасын ұсынды және 5 мыңға таяуы (4400)