Название | Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
---|---|
Автор произведения | Коллектив авторов |
Жанр | Учебная литература |
Серия | |
Издательство | Учебная литература |
Год выпуска | 2017 |
isbn | 978-601-04-2230-8 |
5.2-кестеде мысал ретінде ФАКУЛЬТЕТ деп аталатын ДҚ-ның құрылымы келтірілген.
5.2-кесте
«ФАКУЛЬТЕТ» ДҚ-ның құрылымы
Бес байланыс нұсқар арқылы белгіленіп, бағытталған мәндерді байланыстырады: ҚОСЫЛУ арақатынасы бір факультетте бірнеше кафедра бар болуын көрсетеді; КІРУ арақатынасы бір кафедрада студенттерді бірнеше мамандық бойынша бітіре алатынын көрсетеді; ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ арақатынасы бір кафедрада бірнеше оқытушылар бар екендігін көрсетеді; екіұшты нұсқары бар ҮЙРЕТЕДІ арақатынасы бір оқытушы бірнеше топқа сабақ бере алатынын, ал бір топ бірнеше оқытушыда оқи алатынын көрсетеді; ҮЙРЕНУ арақатынасы бір топ бірнеше студенттерден тұратынын көрсетеді.
5.1-сурет. «ФАКУЛЬТЕТ» ДҚ-ның ЕR-диаграммасы
Жобалаған ДҚ-ның нақты қасиеттері болуы керек;
– тұтастық. Деректер бір-біріне қарама-қайшы болмау керек;
– қайта қалпына келтіре алуы. Жүйенің программалары істен шыққан кезде қалпына келтіре алу мүмкіндігі;
– қауіпсіздік. Рұқсат етілмеген қол жетімділік кезінде деректердің қауіпсіздігі.
ДҚ-ның тиімділігі оның сұратуды өңдеуге кеткен уақыты мен жадыда алып жатқан орнымен анықталады.
Ақпаратты өңдеуге кететін жылдамдықты арттыру үшін индексацияны қолдануға болады.
Индексация – деректі белгілі бір параметр бойынша сұрыптау.
Негізгі кілт – бірегей индекс. Бірде-бір жол екі бірдей негізгі кілтке ие бола алмайды. Әдетте, негізгі кілттерді кестелерді бір-бірімен байланыстыру үшін қолданады. Берілген тапсырма бойынша логикалық және суррогатты кілттер ажыратылады.
Логикалық негізгі кілт – бұл жазбаны табиғи жолмен анықтайтын кілт. Мысал ретінде, ҚР азаматының ЖСН-і, жеке куәлік нөмірі. Осы деректер бірегей, яғни ЖСН және жеке куәлік нөмірлері ұқсас екі ҚР азаматы жоқ.
Суррогатты негізгі кілт – негізгі кілтпен қамтамасыз етілетін табиғи кілт болмаған жағдайда қолданылатын кілт. Бұл кілттерге автоматты белгілеу қояды.
ДҚБЖ – пайдаланушыларға ДҚ-ны анықтауға, құруға, өзгертуге және сүйемелдеуге мүмкіндік беретін, оған қоса қорға басқарылатын қолжетімділікті жүзеге асыратын ПҚ.
ДҚБЖ-ның функционалдық мүмкіндіктерінің тізімі.
1. Дерек сақтауды басқару – ақпаратты қосу, кетіру және жаңарту алу мүмкіндік. Дерекке қолжетімділікті жылдамту үшін ДҚ ақпаратын сыртқы жадыда сақтауды қамтамасыздандыру.
2. Оперативті жадының буферін басқару – ақпаратты өңдеуді жылдамдату үшін деректерді оперативті жадыға буферлеу.
3. Жүйелік деректер каталогын басқару – оны деректер сөздігі деп те атайды. Мұнда сақталатын ақпараттардың аты, типі және көлемі; қолданушылардың аты және олардың қолжетімділігі; статистикалық деректер сақталады.
4. Журналды басқару – журнал қолданушыларға қолжетімсіз. Онда кез келген өзгерістер