Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Коллектив авторов

Читать онлайн.
Название Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Автор произведения Коллектив авторов
Жанр Учебная литература
Серия
Издательство Учебная литература
Год выпуска 2017
isbn 978-601-04-2230-8



Скачать книгу

қолдануымен ішкі категорияларға бөлуге болады. Жүйелік ПҚ ОЖ-ны, утилиттерді және құрылғылардың драйверлерін қамтиды. Жүйелік қамтамасыздандыру мен қолданбалы қамтамасыздандырудың ішкі категориялары 3.1-суретте көрсетілген.

      3.1-сурет. Программалық қамтамасыздандырудың категорияларға жіктелуі

      Қолданбалы программалық қамтамасыздандыру.

      Неге ПҚ деп аталады? Сіз қосымша сөзін естігенде жұмысқа орналасуға, клубқа мүше болуға немесе жүргізуші құжатын алуға толтырылатын өтініш формасы немесе қаржылай көмекке тапсырысты елестетуіңіз мүмкін. Бірақ «қолданбалы» басқа мағынаны береді. «Пайдалану» сөзі синонимдерінің бірі болып табылады. Құжаттарды құру, есептеу, конструкцияларды салу және видеоларды редакциялау сияқты компьютерде көптеген қолданулар жиыны кездеседі. Әрбір пайдалану қосымша деп есептеледі және әрбір пайдалану үшін компьютерді нұсқаулармен қамтамасыз ететін ПҚ программалық қосымша немесе қосымша деп аталады. Жеке қолдануға немесе бизнесте қолдануға арналған ПҚ-ның мыңдаған тиімді қосымшалары кездеседі.

      Өндіргіш ПҚ деген не? Қолданбалы ПҚ-ның кейбір түрлерін өндіргіш қамтамасыздандыру деп атайды. Осы терминнің көптеген анықтамалары бар. Әйтсе де өндіргіш ПҚ жалпы алғанда адамдарға өз жұмыстарын нәтижелі, тиімді орындауға көмектесетін, мүмкіндігі бар қолданбалы ПҚ-ның кез келген типі ретінде анықталуы мүмкін.

      Термин мәтіндерді машинкада теру, базалық бухгалтерияны беру сияқты кеңсе міндеттерінің тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорындарда пайдаланатын программалық орталарға сілтеме ретінде пайда болуы мүмкін. Көбінесе өндіруші ПҚ-мен байланысты қосымша мәтіндік процессорды, электрондық кестелерді, жоспарлаушылар мен деректер қорын басқару жүйесін (ДҚБЖ) қамтиды.

      Графикалық программалар, презентация үшін ПҚ, сонымен қатар үстелге қойылатын баспа жүйесінің ПҚ кейде қосымшалар өнімділігі ретінде жіктеледі.

      Бірлескен жұмыстың ПҚ деген не? Бірлескен жұмыстың ПҚ-сы деп аталатын қолданбалы ПҚ-ның басқа типі интернет қосылыстарды немесе жергілікті желілерді қолданып бір жобада бірлесіп жұмыс істеуге адамдарға көмектесу мақсатында құрылды. Бірлескен жұмыстың ПҚ-сы негізінен топ үшін кездесу уақытын автоматты түрде таңдай отырып, топ мүшелеріне арналған кестені қолдау мүмкіндігімен, электронды поштамен немесе басқа каналдармен қатынасуды жеңілдетумен, алдын ала дайындалған кестеге немесе тізбекке сәйкес құжаттарды таратумен, адам-дардың бірыңғай құжатқа өз үлестерін қосуға қамтамасыз етеді. Қосымшаны жүктеу әдістері компьютеріңіздің ОЖ-сына тікелей байланысты, бірақ көбінесе дербес компьютерлерде 3.2-суретте көрсетілгендей жұмыс үстеліндегі белгіге тінтуірді екі рет басу арқылы немесе мәзірден қосымшаны таңдау арқылы орындауға болады.

      3.2-сурет. Қосымшаны жүктеу әдістері

      Дербес компьютерді қолданғанда ПҚ-ның қосымшасын Пуск мәзірінің немесе жұмыс үстеліндегі иконканың көмегімен іске қосуға болады.

      Қолданбалы ПҚ пайдаланушының нақты есебін (қосымшасын)