Индуизм. Дарига Кокеева

Читать онлайн.
Название Индуизм
Автор произведения Дарига Кокеева
Жанр Прочая образовательная литература
Серия
Издательство Прочая образовательная литература
Год выпуска 2016
isbn 978-601-04-2518-7



Скачать книгу

мәңгі өзгермейтін, жойылмайтын болмыс, ешқашан тумаған, өлмейтін құбылыс. Ол әрі мәнді, мәнсіз. Табиғи нәрседен аулақ десе [25,23 б.], Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ. Мұхамбетәли сынды отандық ғалымдар Брахман әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы және олардың соңы. Ол екі түрлі болады. Бірі, қозғалмайды, нақты өмір сүреді. Бірақ жойылып кетуі мүмкін. Екіншісі жойылмайды, өлмейді. Бірақ қозғалыста болады деп саралай түседі [26, 6 б.].

      Брахманға табыну үнді дүниетанымындағы Үштікті анықтайды. Брахма Үштіктің басшысы ретінде танылады. Үнділер түсінігінде Брахмаға берілу, оған жалбарыну Вишну мен Шива арқылы жүзеге асырылады дейді. Жоғарыда көрсетілген дінифилософиялық дәстүрлі бағыттарға келесі тараушада кеңінен тоқталамыз.

      Веда ілімі бойынша индуизм үшін варншрам концепциясы бар. Бұл қоғам мына төрт арнаға немесе діни-әлеуметтік варнаға бөлінеді:

      – брахмандар (абыздар);

      – кшатрилар (әскери адамдар);

      – вайьшийлер (сауда-саттықпен айналысатын адамдар);

      – шудралар (қарапайым бұқара халық);

      Бұлардан басқа дербес топ – парийлер де кездеседі. Бұлар ешқандай топқа жатпайды, яғни аш-жалаңаш жүретіндер [27, 81 б.].

      Алғашқы үш топқа жататындар гуру-брахман ілімдеріндегі дәстүрлі іс-шараларға қатыса алады. Олар қоғамда ілім-білім іздеуге, отбасын құруға, билік басында отыруға және т.б. жасауға мүмкіндіктері бар.

      Кейін варнаға бөліну үнді қоғамында үлкен сипатқа ие касталық жүйеге алып келді. Гуру веда дәстүріне енген түрлі бағыттарға орай ХХ ғ. ІІ жартысына дейін индуизмге көңіл бөлу мүмкін емес деп санады. Ол бойынша үнділер тек өз әрекетіне сай ғана кастада өмірге келу керек деп пайымдайды.

      Брахмандар өздеріне тән абыздық міндеттерін «Екі рет туылғандар» құқы бойынша орындайды. Бұл құқық бойынша жоғарғы кастадан шыққан болу керек. Алайда, үнді храмдарына кез келген ағым немесе басқа бірлескен қоғам мүшелері бара алады. Себебі, ешқашан кодификацияланған ғалымдар немесе жүріс-тұрыс қағидаларын қадағалайтын т.с.с. мәселелер бойынша жалпыүнділік жиын шақырылмағандығын да ескере кеткеніміз жөн. Сондықтан индуизмде толығымен прозелитизм (индуизмде болу үшін, ренкарнация заңы бойынша қайта туылу керек) сақталып қалды.

      Шамамен Иса Мәсіхке дейін VІІІ ғ. үнді-арий абыз мектептеріндегі дін брахманизмге ұласты. Тек брахмандар ғана құдайларға арнап құрбандық шалумен қатар, Веданы талқылауға құқы болды. Сол кезде «силлогизм» (жалпы орта терминмен байланысты кесімді екі пікірден жаңа үшінші пікір алынатын ой тиянағы): құдайға жалбарыну, яғни брахманға жалбарыну деген ұғым деп түсіндірілді. Брахмандар әрқашанда құдай болып табылады. Себебі брахмандар құдайдың басынан жаратылған деседі. Веда беделін мойындамайтындар варна қоғамында жіктелуге алып келді. Нәтижесінде ортодоксальды ілім пайда болды. Буддистік-жайндік қоғам барлық адам касталық жіктелуге қарамастан сансарадан азат бола алатындығын үндеумен болды. Сол кезеңде брахманизмнің қайта жандануы үшін кастасына қарамай бәрін дінге тарту кең