Название | Индуизм |
---|---|
Автор произведения | Дарига Кокеева |
Жанр | Прочая образовательная литература |
Серия | |
Издательство | Прочая образовательная литература |
Год выпуска | 2016 |
isbn | 978-601-04-2518-7 |
Ал смрити (есте сақтау) туындысы біріншіден семантикалық жағынан, екіншіден хронологиялық жағынан ерекшеленеді. Смрити туындысының қалыптасу кезеңі төменгі кастаға жататындар мен әйел теңдігіне арналған екінші қасиетті жазбаның бірі Иса пайғамбарға дейін І мың жылдықтың ортасында классикалық санскрит тілінде жарық көрді. Смрити дхарма-сутраны қамтыды, кейін аңыздық кеңістік пен гнеосеологияны қамтитын этикалық жазбалар дхарма-шастр, сондай-ақ, ерте үнділік эпос – «Махабһарата (Кришна құдайына жалбарыну, оған берілу концепциясын қамтитын «Бхагават-Гитаның» негізгі бөлімі болып саналады)», «Рамаяна» және «Пуран» мәтіндері жазылды.
Брахман мәтіндеріндегі шығармалармен реттелген және жалғасып жатқан кальпасутра осылардың ішіндегі кең көлемдісі. Осының ішіндегі салтанатты жиындарда (шраута-сутр) қолданылады, екіншісі – үй шаруасындағы рәсімге байланысты қолданылады (грихья-сутр). Соңғысы, құқық естеліктері (дхармсутр немесе дхарм-шастр).
Смрити дәстүріне қатысты мәтіндер индуизм дамуындағы маңызды кезең болып табылады. Соңғысы, әрі маңыздысы индуизмді ұстанатындар үшін дұрыс мінез-құлық туралы қағида «Ману заңдары» (Манав дхарм шастр) болды.
Заңда ашрам доктринасы өмірдің 4 мақсат, принциптерімен байланысты екендігін ашып көрсетеді: діндегі мінез-құлықтың дұрыстығы, артх – әрекет, әлеуметтік жетістіктерге жету бағыты, кама – махаббат, ләззаттану және мокша – болмыстан рухани түрде азаттану. Осы аталғандарды веда ілімін абыздар сараптай отырып, мынадай түйін жасаған. Ғалымдар үшін веда, үй шаруасындағыларға – брахман, абыздарға – араньяк, сопыларға – упанишад арналған деседі [20, 442-443 бб.].
Брахман мәтіндері Веда ритуалының шығуын және оларды талдау және тағы басқа ритуалдар элементтері қоршаған әлемді көрсететін күрделі топталған жүйемен құрылғандықтан ерте Үндістандағы діни-философиялық ойлардың дамуындағы бірден бір кезең екендігін айта кеткен жөн.
Ортодоксальды үнді діні философиялық діни ағымдар мен бағыттарды қамтып, Брахманизм деген атауға ие болды. Брахманизмнің мектептері мен ағымдары бір-бірінен ерекше. Негізгі