Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір. Коллектив авторов

Читать онлайн.



Скачать книгу

Көкшені – Синюха, Алтайдың биік шыңы Мұзтауды (Ақмұзтауды) – Белуха, Айыртауды – Монастырь, Сарыарқаны – Казахский мелкосопочник, Секітасты – Шляпа, Қарасуды – Чернушка, Қайыңдыны – Каиндушка, Ақтауды – Белогорье, Ақсуды – Белые Воды деп орысша аударып алғаны сияқты.

      «Егемен Қазақстан» газеті жақын арада (1 наурыз, 2008 жыл) елеулі өзгеріс деп осындай хабар таратты: «Семей өңіріндегі құтты мекендердің бірі – Жарма ауданы. Өкінішке қарай, мұндағы жер атауларының басым бөлігі бұған дейін «ка» жұрнағымен аяқталатын. Георгиевка, Николаевка дегендей… Жуырда аталмыш жақтан тілші қосына қуанышты хабар келіп жетті. Ендігі жерде аудан орталығы Георгиевка Қалбатау деп аталатын болыпты. Ал Қалбатау мұндағы елдің жүрегіне жақын, көңіліне ыстық ежелгі жер атауы. Сөйтіп, шыққан тегі белгісіз Георгиевканы өзіміздің төл атауымыз алмастырды».

      Қазақ елінің, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік жариялағанына жиырма жылға жуық уақыт өтті. Алайда кейбір ірі қалаларымыз әлі де болса патша отаршылары қойған атымен аталуда – Петропавловск (Қызылжар), Павлодар (Керегежар), Семипалатинск немесе Семей деген «қазақшасы» (байырғы атауы Қызылкент), Усть-Каменогорск немесе Өскемен «қазақшасы» (байырғы атауы Дом, ем-дом, емші-домшы қос сөздерінде сақталған) және т.б.

      Өз ана тілін менсінбейтін, білгісі де келмейтін, тіпті ұлт мәдениетіне, ұлттың тарихы мен болашағына немқұрайды қарайтын қазақтан шыққан лауазымды адамдар, қоғам қайраткерлері, мәжіліс депутаттары көп кездеседі. Қазақ мақалда айтқандай, «Батпандап кірген ауру мысқалдап шығады». Рухани құлдықтан, жалтақтық пен ессіздіктен біржолата арылу – заман талабы.

      Естен кетпес ел тірлігін, халықтың өмір салты мен тіршілік тынысын жан-жақты аңғартатын жер-су атауларының дұрыс аталып, орынсыз өзгерістерге түспей байырғы мәнін сақтауға мән беру – әрбір ұрпақтың тарих алдындағы борышы. Ал оның ғылыми, қоғамдық мән-мазмұнын ашу бұл саладағы ғалымдардан ар-ұждан алдындағы азаматтық жауапкершілік пен саналылықты талап етеді.

Қазақстан әйелдері. – 1989. – № 8. – 16-17 б.

      XV ҒАСЫР ҚАЗАҚ ШИПАГЕРІНІҢ СӨЗ БАЙЛЫҒЫ

      Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының ескі қазақ тілінде жазылған «Шипагерлік баян» атты шығармасы медицина, этнография, философия, тіл ғылымы үшін аса құнды еңбек әрі ғылымнама (энциклопедия) болып табылады. «Шипагерлік баян» 1994 жылы Үрімжіде (араб графикасы негізінде), 1996 жылы Алматыда (орыс графикасы негізінде) баспадан жарық көрді. XV ғасыр мұрасы «Шипагерлік баян» шығармасының лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, терең ұғыну барысында ескі қазақ тілінің көптеген сырлары ашылмақ.

      Сөз қадірін аялай білген ата-бабаларымыз он ғасыр шамасында ескі араб жазуымен ой-пікірлерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған. Сондай рухани мұрамыз қатарында XV ғасырдағы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» шығармасын, XVII ғасырдағы Қадырғали Қосымұлы Жалайыридың «Жамиғ ат-Тауарих» (Жылнамалар жинағы) атты еңбегін тілге тиек етіп, зерделесе болды. Дегенмен қазақта XV ғасырда ғылым-білім болды, тіпті XIX ғасырдың өзінде жазу-сызуымыз болды дегенге