Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір. Коллектив авторов

Читать онлайн.



Скачать книгу

әйгілейтін «Шипагерлік баяным» артымда қалмақ. Бұл соңғылықтар (кейінгілер) қадірін біліп ұстана білсе, қанғысыз бұлақ; қадірін білмесе, отбасы аяқпен тозатын тулақ.

      Тіссіз шопандай (қойдай) жасым қалды. Енді оны кіндіктес інім Топайға тапсырамын. Ол – жөн білгі (білетін), іс ықты (пысық), сыр шашпауыш (мұрагерлік құпия сақтайтын) азамат. Дестір (тәпсір, түсініктеме жинақ) сыр сақтама – «Шипагерлік баян». Басқаларына сенгім келмейді. Баяны (баяндау) Топайдан соңғылыққа жалғанбақ. Сыр шашпауыш уасиятнамам (өсиет, өсиет хаты) оған қосалғы тапсырылар. Өткен іс өтті, өлер шақ таяды. Мезгілсіз шақырған шақырауықтай (әтеш) дестір таңлай тұрлауы (кітаптың беташары) болып осы жазылды. Бұл соңғылыққа үлгі де болар, олайы білімнің тіккеуікпен құдима қазғандай (инемен құдық қазғандай) қиын екеніне көзі осыны оқыған соң игілік көргіде жетіп те қалар, өмірлеу жөрелгісінде (жоралғы, ата салты) ұғынар…

      Ой, дүние-ай!

      Іске аспады арманым, қараң қалды,

      Шың басына шығарда арандалды.

      Өтейбойдақ қойыпты атымды әкем,

      Жаман ат, жаман ырым мазамды алды.

      Қалмады ұрпақ, Өтейбойдақ аяңдалды,

      Мені өшірмес «Шипагерлік баян» қалды.

      Бұ да менің ұрпағым жөн білгенге,

      Тілкімменен (ұзын тілік) жалғасқан аян қалды.

Ө. Тілеуқабылұлы Шипагерлік баян. – Алматы: Жалын, 1996. – 44 б.

      Ұрпақтан-ұрпаққа көшіріліп, бұл мұраның шипагерлік сырлары шашылып жойылмауы үшін алдағы нұсқалары өртелген болатын. Мысалы, бесінші көшірмесі 1766 жылы Шалкөде деген жерде, ал алтыншы көшірмесі 1952 жылы Текесте жасалған еді. Іле аймағының тұрғыны, емші Түменбай Ыстанбайұлы «Шипагерлік баянның» 1952 жылғы жаңартылған нұсқасын баласы Нұртайға өсиет етіп тапсырған екен. Сол нұсқасы 1050 дәрі-дәрмек түрімен қоса, 4577 «шипашақпен» (рецептімен) таныстыратын мыңға жуық өсімдік атауларын, жүздеген жан-жануарлар атауларын, адамның дене мүшелері мен ауру-сырқат атауларын қамтитын, емдеу сырларын баяндайтын көлемді шығарма еді.

      Содан кейін тағдырдың жазғаны – Қытайдағы аты шулы «мәдени төңкеріс» кезінде (1968 ж.) бұл кітаптың төрттен үш бөлігі «хунвэй-бин» бұзақылар тарапынан өртеліп, аман қалған бөлігін Нұртай Түменбайұлы қайта көшіріп баспаға ұсынған. Бірақ соңғы нұсқаның қаншама өзгеріске түскенін, қаншама анықталғанын білмейміз. Сондықтан ол мұқият тексеруді керек етеді (шамамызша бұл мәселеге көңіл бөлдік).

      Емші әкесінің өсиетінде былай делініпті:

      «Балам, мен неге сонша жалынып, саған уасиятнама қалдырдым. Мұның себебі: «Шипагерлік баянында» қазына аз емес. Ми төлін ерінбей баға білсең, маңлай теріңмен игеріп қолдана ала білсең, алтынды күреп, күмісті сіреп алатын шарапатты, киелі, қасиетті асыл қойма – бұл. Бұл – өзің кемқор болмайсың дегендік. Бұл – бір. Екінші, ең алғаш Өтейбойдақ деген атамыз тоқсан жылдық өмірінің сексен жылына таяу өмірінде бөктерме қабын бөктіріп, теңгерме қабын теңденіп, шөнтек-шонтайлары мен местерін салпаңдатып, қаңғып жаһан кезіп, жаһангез атанып, шипагерлікпен