Название | Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап |
---|---|
Автор произведения | Коллектив авторов |
Жанр | Зарубежная образовательная литература |
Серия | |
Издательство | Зарубежная образовательная литература |
Год выпуска | 2016 |
isbn | 978-601-04-1636-9 |
Керімбаев Борис Төкенұлы Ауған соғысына айрықша мақсаттағы отрядты басқарып барған. Арнайы отрядтың өзіндік ерекшелігі, оның құрамының басым көпшілігі мұсылман жігіттерінен жасақталды. Б. Керімбаев басшылығындағы мұсылман жігіттерінен жасақталған айрықша мақсаттағы бұл отряд екі жыл ішінде Ауғанстандағы Ахмад шах Масуд қожалық еткен әйгілі Паншер провинциясында сан қилы соғыс операцияларына қатысты. Ауғанстанда абыройы асқақтап тұрған дала қолбасшысы А. Масудпен келіссөз жасасқан да осы – Б. Керімбаев.
Тұтастай алғанда, КСРО-дан 620 мың, оның ішінде Қазақстаннан 22 мың адам Ауғанстан территориясында әскери қызметтен өтті.
Ауған соғысында 200153 адам мемлекеттік марапаттауларға ие болса, оның 10955-і осы соғыста шейіт кетті. Сондай-ақ марапатталғандардың 2265-і қазақ, 635-і қырғыз, 6050-і өзбек, 855-і түрікмен, 2710-ы тәжік, 102547-сі орыс, ал қалғандары басқа ұлт өкілдері болды. 86 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алса, 103 әскери қызметші Ленин орденімен, 1972 әскери қызметші Қызыл ту орденімен марапатталды. Батыр атағын алғандардың 29-ы осы соғыста құрбан болды. Батырлар арасында бір ғана қазақ бар, ол – Қайыргелді Майданов. Қазір Қазақстанда бір ғана батыр тұрады, ол – Николай Кремениш31.
Кеңес Одағы тұсында қазақ жауынгерлеріне Батыр атағын алу тұрмақ, жай ордендерді алу мен немесе оған қол жеткізу Кремль көсемдерінің шешімінсіз мүмкін болмады. Әміршіл-әкімшіл жүйенің бұл әрекеті талай қазақ жауынгерлеріміздің омырауын бос қалдырды. Марапатқа ұсынылған қазақ жауынгерлері Кремль сүзгісінен өте алмады, ал көпшілігі ұсынылмады. Марапатқа ұсыну 1986 ж. Желтоқсан оқиғасынан кейін мүлдем төмендеді. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін Ауған соғысы ардагерлері егемен еліміздің «Даңқ», «Құрмет», «Айбын» ордендері мен «Ерлігі үшін» медальдарымен марапаттала бастады.
Астана қаласындағы Ауған соғысында қаза болған боздақтарға арналған ескерткіш
Алматы қаласындағы Ауған соғысында қаза болған боздақтарға арналған ескерткіш
Ауған соғысынан қайтып оралмаған жалпы адам шығыны 14453-ке жетті. Осы соғыста қазақстандықтардың адам шығынына байланысты деректерге жүгінсек, біздің жерлестеріміздің арасынан 22 мың адам Ауған соғысында болып қайтты. Олардың 1000-ға жуығы осы соғыста құрбан болды және Қазақстан жерінде жерленді, 20 адам із-түзсіз жоғалды. Ал жалпы шығынның 362-сі қазақ ұлтының өкілі екендігі анықталды. Біздіңше, бұл көрсеткіш те нақты емес.
Ауған соғысында жалпы 417 адам із-түзсіз жоғалды, олардың 119-ы тұтқыннан босатылды, 97 адам еліне қайтарылды, ал 22-сі басқа елдерде жүр. Ауған соғысында тұтқынға түскен немесе із-түзсіз жоғалғандардың жиырмасы – Қазақстан азаматы. Беймәлім кеткен 20 қазақстандықтың арасынан 2 жауынгердің, Зуев Алексей мен Ергешов Абдулхакимнің мәйіті араға 30 жылдай уақыт салып елге жеткізілді, қалған 18 жауынгердің тағдыры әлі беймәлім32.
Бүгінгі таңда республика астанасы мен облыс орталықтарында және ірі қалаларда Ауған соғысына қатысушы
31
Сайлан Б.С. Ауған соғысының ақиқаты (1979-1989 ж.). – Алматы: Қазақпарат, 2001. – 186-б.
32
Амалбек Б. Хабарсыз кеткен соңғы солдат // Егемен Қазақстан. – 2012. – 10 сәуір.