Название | Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап |
---|---|
Автор произведения | Коллектив авторов |
Жанр | Зарубежная образовательная литература |
Серия | |
Издательство | Зарубежная образовательная литература |
Год выпуска | 2016 |
isbn | 978-601-04-1636-9 |
Ауған соғысында Б. Ертаев өзін тек әскери адам ретінде ғана емес, ұшқыр саясаткер, білгір дипломат ретінде көрсете білді. Кеңес әскерлері алғаш рет Асадабадқа кіргенде мешітті қиратып кеткен-ді. Сол мешітті қайтадан жөндеп берген де осы – Б. Ертаев. Ауғанстанда Б. Ертаевты үлкен де, кіші де айрықша құрметтейді. Осындай мақтауға тұратын қазақ қолбасшысын қазақ жауынгерлері де шын мақтаныш етіп, өздеріне әрі қорған, әрі пана тұтты. Б. Ертаев үшін Ауған соғысында сан түрлі шайқастарға қатысуға, қарамағындағы әскерлерді сын сағаттарда құтқаруға тура келді. Батылдық танытқан қазақ командирін Ауған соғысында ең қиын нүктелерге жұмсады26. Ауған соғысының қиын да қилы шайқастарына жұмсалып, соғыстың ащы азабы арасында өжеттілік танытқан аға лейтенант, батальон командирі Б. Ертаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілмеді. Тек тәуелсіздік тұсында ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 ж. 15 желтоқсандағы жарлығымен генерал-лейтенант Б. Ертаевқа «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Есіл ердің еңбегі ескерусіз қалмады27.
Майданов Қайыргелді Сайынұлы (07.02. 1956-29.01.2000 ж.)
Ауған соғысында әскери тактиканың хас шебері атанып, ерлік танытқан қазақстандықтар аз болған жоқ. Осы ерлердің арасында Ауған соғысында алтын жұлдыз таққан жалғыз алаш перзенті, Кеңес Одағының Батыры Майданов Қайыргелді Сайынұлы 1956 ж. 7 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы, Тасқұдық елді мекенінде туды. Ауған жерінде Қайыргелді ұшу техникасын да, борт жабдықтарын да бес саусақтай меңгерген тікұшақтың хас шебері атанды. Ұшқыштардың алдына қойылған маңызды міндеттердің бірі Ауғанстанға соғыс қаруын таситын керуендердің жолын кесу еді. Ал керуендер, көбінесе, америкалық және ағылшындық ракеталарды таситын. Бұлар тікұшақтар мен ұшақтарды атып түсіруге ыңғайлы қарулар еді. «Блок-пайн» және «Стингер» тікұшақтарының аты сол кездерде үлкен үрей туғызғаны да шындық. Сондықтан да тікұшақ басқарған ұшқыштар қару тасыған кез келген керуенді жоюға батыл кірісті28.
1976-1980 жылдары Саратовтағы Жоғары әскери ұшқыштар училищесінде оқыды. 1980 жылы училищені ойдағыдай аяқтаған жас ұшқыш Одесса, Венгрия, Забайкалье жерлерінде әскери қызметтен өтті. Бірер жылдан кейін ұшу тәжірибесі қатая бастаған шақта Түркістан әскери округіне жіберіліп, «Ми-24» тікұшағының тізгінін ұстады. 1984-1985 және 1987-1988 жылдары екі рет Ауған соғысына қатысты. Ауған жерінде Майданов ең үздік барлаушы ұшқыш атанды. Қ. Майдановтың жеке басы үшін моджахедтер үлкен көлемде сыйақы тағайындады. Қару-жарақ тасыған қаншама керуеннің көзін жойып, «Ми-8» тікұшағымен 1250 рет жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін әуеге көтерілді, жеке өзі 85 жараланған жауынгерді құтқарды, 100 тоннадай жүк тасып, жүздеген десантшыны тиісті жерлеріне жеткізді.
1988 ж.
26
Смағұл Б., Мырзахан А. Намыстың құлы, Алаштың ұлы. – Алматы, 2008. – 23-б.
27
Самрат Ж. Қажырлы қызметтері құрметтелді // Егемен Қазақстан. – 2008. – 16 желтоқсан.
28
Құрмашұлы Ғ. Қазақтың Қайыргелдісі // Нұр Астана. – 2012. – 9 ақпан.