Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов

Читать онлайн.



Скачать книгу

бас редакторы қызметін қоса атқарған. 1952 ж.

      КОКП ОК-нің, 1966 ж. КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі. КОКП-ның саяси және идеологиялық жұмысына басшылық жасап, Н. Хрущев пен Л. Брежнев билігі кезінде ең ықпалды қайраткерге айналған. КСРО-ның «көкжалы» балама атын иеленген. 1979 жылы желтоқсанда Ауғанстанға кеңес әскерін кіргізуге шешім қабылдаған шағын топтағы бестіктің бірі.

      Громыко Андрей Андреевич (18.07.1909 – 02.07.1989 ж.)

      1939 жылдан КСРО-ның дипломатиялық жұмысында Громыко Андрей Андреевич (18.07.190902.07.1989) болды. 1957-1985 жылдары КСРО Сыртқы істер министрі. 1983 жылдан КСРО Министрлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, 19851988 жылдары КСРО Жоғары кеңесі президиумының төрағасы. КСРО-ның сыртқы саясатын басқаруда майталман атанған қайраткер. 1970-1980 жылдары Батыс саясатшылары А. Громыконы КСРО-ның № 1 дипломаты санатына жатқызды. Ауғанстанға кеңес әскерін кіргізумен айналысқан және шешім қабылдаған шағын топтың мүшесі.

      24 желтоқсан күні КСРО қорғаныс министрі Д.Ф. Устинов пен Бас штаб бастығы Н.В. Огарков қол қойған бірінші жазбаша құжат пайда болды. Бұл құжатта: «Ауғанстан үкіметінің соңғы өтініші дұрыс деп танылды. АДР-ғаинтернационалдық көмек көрсету мақсатында Кеңес әскерлерінің кейбір бөлімдерін кіргізу шешімі қабылданды», – деп қысқаша түсініктеме берілді21.

      25 желтоқсан күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 15.00-де КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға кеңес әскерлерін кіргізу басталды. Осылайша, белгіленген уақытта 40-ыншы армия сапындағы кеңес әскері Ауғанстанмен арадағы мемлекеттік шекараны әуеде де, жерде де кесіп өтті22.

      1979 жылдың күз айында елдегі екінші адам саналатын Х. Амин коммунистік көзқарастағы Ауғанстан басшысы Н. Таракидің көзін жойып, билікті өз қолына алған еді. Ал Мәскеу Х. Аминді қызметінен шеттетіп, оның орнына бұл уақытта Чехословакиядан жасырын түрде келіп, Мәскеуде жер аударылушы құқында өмір сүріп жатқан «Парчам» фракциясының жетекшісі Б. Кармальды орнықтыруды жөн деп тапқан болатын23.

      Сондықтан да Кеңес әскерлерінің ең алғашқы соғыс қимылы 1979 ж. 27 желтоқсанда Х. Аминнің көзін жоятын жауынгерлік операциядан басталды. Х. Аминнің резиденциясы орналасқан Тәжі-Бек сарайын алу операциясы кешкі 19 сағат 30 минутта «Дауыл-333» белгісі бойынша басталды. Сарайды басып алу операциясына МҚК-нің полковнигі Г.И. Бояринов жетекшілік етті. Оған 50 адамнан тұратын МҚК-нің офицерлер тобы, капитан В.А. Востротин бастаған 9-рота десантшылары, 345-жеке жаяу десантшылар полкінің бір взводы және бұрыннан дайындықта жүрген майор Х.Т. Халбаевтың айрықша мақсаттағы мұсылмандық батальоны қарады. Бұлардың бәрі ауғандық әскери формада киінді. Жауынгерлік қимыл қараңғы кезде басталғандықтан кеңестік жауынгерлердің қолына ақ шүберек байланды, ал бас киімдеріне ақ лента жапсырылды. Мұның бәрі Х. Аминнің қарауылдарымен шатасып қалмау үшін жасалған белгі еді. Сарайды басып алу соғысы 30-40 минутқа созылып, арнайы топ Х. Амин орналасқан бөлмеге де басып кірді. Атыс барысы кезінде асыға күткен кеңес әскерлері Х. Аминнің көзін жойды. Шабуыл кезінде кеңестік жауынгерлерден 11 адам



<p>21</p>

Ляховский А. Трагедия и доблесть Афгана. – М.: Искона, 1995. – 134 с.

<p>22</p>

Сайлан Б.С. Ауғанстан: сәуір төңкерісі бастаған соғыс // Егемен Қазақстан. – 2009. – 28 қаңтар.

<p>23</p>

Крючков В.А. Личное дело. – М., 1996. – 196 с.