Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару. Өтеғали Шеденов

Читать онлайн.



Скачать книгу

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстары, Алматы және Астана қалаларындағы жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнім көлемі орташа республикалық деңгейден 1,5 есе көп болса, онда Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында орташа республикалық деңгейден екі есе аз. Жалпы аймақтық нақты сектор экономикасының өнімнің негізгі үлесі жетекші аймақтарға шоғырланған: Атырау, Маңғыстау,

      Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстарында, Алматы және Астана қалаларында шоғырланған және 68,6 %-құрайды. 2007-2012 жж. аралығында жалпы аймақтық нақты сектор экономикасының өнім үлесінің анағұрлым төмен деңгейі Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. Көрсетілген жылдар ішінде аталған облыстардың ешқайсысында жалпы аймақтық өнімнің 4,5 % деңгейіне де жетпеген (4-кесте).

      4-кесте

      Қазақстан жергілікті аймақтарының 2007-2012 жж. аралығындағы жалпы аймақтық нақты сектор үлесі пайызбен

      Жергілікті аймақтардың инвестициялық тартымдылығы мен инвестициялық белсенділігін, сонымен бірге экономикалық даму алғышарттарын жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі анықтайды. Берілген көрсеткіш бойынша 2007-2012 жж. аралығындағы кезеңде жетекші аймақтар: Атырау, Маңғыстау облыстары және Астана қаласы болып табылады. Аймақтардың бұл тобы елдің басқа аймақтарымен салыстырғанда инвестициялық тартымдылығын сақтауда (5-кесте).

      5-кесте

      Жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі, мың тенге

      Қарастырылып отырған кезеңдегі аймақаралық нақты сектор экономикасының әртараптануының серпіні көрсеткендей, жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар деңгейінің ең үлкен және ең кіші мәндерінің қатынасы алдындағы әлсіз аймақтарға инвестициялар көлемін ұлғайту арқылы қысқарады. Жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестицялар көлемін талдау көрсеткендей, Астана қаласында, сондай-ақ Атырау, Маңғыстау облыстарында бұл көрсеткіш жалпы республикалық көрсеткішті 2-7 есе асады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қостанай облыстары сияқты аймақтарда берілген көрсеткіш жалпы республикалық деңгейден төмен.

      Осылайша, Қазақстан жергілікті аймақтары бойынша инвестициялардың біркелкі емес бөлістірілуін атауға болады, бұл аймақтардың нақты сектор экономикасын әртараптану мәселесін қиындатуы ықтимал, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шаруашылықтың аймақтық құрылуының өзгерісіне, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі аймақаралық теңсіздіктің пайда болуына және мәселелі және депрессивті аймақтар санының ұлғаюына алып келеді.

      Тұрғындардың өмір сүруінің аймақтар бойынша әртүрлілігі аймақтағы тұрғындардың өмір сүру деңгейінің біркелкі еместігін және поляризациясын сипаттайды. Жергілікті аймақтық әлеуметтік ерекшеліктерді адам әлеуетінің даму индексі (АӘДИ) арқылы бағалауға