Название | Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару |
---|---|
Автор произведения | Өтеғали Шеденов |
Жанр | Зарубежная образовательная литература |
Серия | |
Издательство | Зарубежная образовательная литература |
Год выпуска | 2014 |
isbn | 978-601-04-0673-5 |
Екінші шарт – қатынасқа түсуші субъектілердің арасындағы әлеуметтік-экономикалық өкілеттіліктерді айқын бөлу, бұл, ең алдымен, орталық пен жергілікті аймақтардың экономикасындағы бюджеттік өкілеттіліктер, салықтық міндеттемелер және әлеуметтік-экономикалық мәселелер аясындағы құзыреттерін шектеуге қатысты.
Үшінші шарт – жергілікті аймақтардың экономикасының әлеуметтік-экономикалық еркіндігін кеңейту, бірақ, ол жергілікті аймақтық саясаттың толықтай ырықтандырылу нысанына енбеуі керек.
Бұл қарастырылған шарттардың жүзеге асырылуы бірқатар басымдықты шараларды іске асыру жолымен мүмкін болмақ. Олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады:
– Бір жағынан, бюджеттік қарым-қатынастарды әрбір жергілікті аймақ экономикасы бойынша сараланған салықтың негізгі түрлері бойынша аударымдардың орта мерзімді тұрақты нормативтер қағидасына көшіруге, екінші жағынан, бюджеттік жоспарлаудың мерзімін ұзарта отырып, жетілдіруге бағытталған орталық пен жергілікті аймақтардың бюджеттік өкілеттіліктерін шектеу саясатын жалғастыру;
– Жергілікті аймақтың экономикасының жалпы республикалық еңбек бөлінісіндегі орнын ескеру, орталықтандырылған қаржы-қаражатты жергілікті халықтың жұмысбастылығын және жергілікті аймақтық экономика өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жергілікті аймақ экономикалық шаруашылықтарын қайта құруға бағыттау сияқты негізгі қағидаларға сүйене отырып, жергілікті аймақтарға әлеуметтік-экономикалық көмек көрсету;
– Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың белгілі бір бөлігін орталық атқарушы органдардан жергілікті басқару көлемін сақтау;
– Алдағы жылдың бюджетін жасақтауға барлық жергілікті аймақтар экономикасының өкілдерінің міндетті түрде қатысуы.
Макро деңгейде жергілікті аймақтық экономиканы басқару және ұйымдастыру механизмдерінің құралы ретінде: әлеуметтік-экономикалық, қаржылық әдістер, инфрақұрылымды ұсыну және қазіргі уақытта Еуропалық Одақтың көпшілік елдері қолданып жүрген жергілікті аймақтардың экономикасының дамуын ынталандырудың ортақ шараларын қолдану. Қазақстан Республикасында жергілікті аймақтар экономикасын дамытуды басқарудың қаржылық әдістері көбірек қолданысқа түседі, атап айтқанда, бюджетке демеуқаржы (дотациялар), жаңа жұмыс орындарын құруға субсидярлар, жеке компаниялардың дамыған немесе дағдарысты жергілікті аймақтарға инвестиция салуын ынталандыру үшін салықтық жеңілдіктер беру. Сонымен бірге қаржылық әдістерді қолдану жеткілікті негіздеусіз жүргізіліп, бірқатар жергілікті аймақтар тарапынан масылдық пиғылдың тууына және олардың дамуын тежеуге алып келеді, сондай-ақ донор – жергілікті аймақтардан алынатын қаржының