Название | Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару |
---|---|
Автор произведения | Өтеғали Шеденов |
Жанр | Зарубежная образовательная литература |
Серия | |
Издательство | Зарубежная образовательная литература |
Год выпуска | 2014 |
isbn | 978-601-04-0673-5 |
4. Экономиканы мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесіндегі қауіпсіздікті ұйымдастырушылық қабілеттілігі
Экономикалық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы мемлекеттік және жергілікті қауіпсіздікті ұйымдастырушылық қабілеті соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай елдің аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекет тарапынан реттеу мәселелері өзекті. Республикамыздың әрбір аймағы еліміздің экономикалық шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ, әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік экономикалық шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтық саясат қалыптастырылып, жүзеге асырылады.
Мемлекеттік және жергілікті экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзгешеліктер шынайы тұрғыдан аймақтық даму теңсіздігінің әмбебап экономикалық заң әрекеттеріне бағынышты. Сондықтан да бұл арадағы міндет осы заңның экономикалық талаптарына жекелеген аймақтардың даму деңгейлерін-теңестіру-үдерісін ыңғайлап, осыайырмашылықтарды біртіндеп жою болып табылады.
Нақты өмір шындығындағы экономикалық және әлеуметтік жағдай аймақтардың қаржылық тұрғыдан қамтамасыз етілу мүмкіндіктері мен оған қажеттіліктері бойынша, өмір құндылығының деңгейі бойынша, жан басына шаққандағы мемлекеттік және жергілікті қызмет көрсетудің бюджеттік шығын деңгейі бойынша олардың арасындағы елеулі айырмашылықтар туралы мағлұмат береді. Бюджет шығыны есебінен мемлекеттік және жергілікті қызмет көрсетудің ең аз шамадағы мөлшері халықты білім беру, денсаулық сақтау, өрттен қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және т.б. бойынша бірыңғай қызметтердің жиынымен қамтамасыз етуді ұйғарады. Аймақтық саясат көбінесе аймақ шаруашылығын өндірістік тұрғыдан мамандандырудың аймақтық еңбек бөлінісінің жүйелеріне байланысты және индустриясын әртараптандыруда дамыған аудандардың шаруашылық құрылымдарын түрлендіруге қаржы жұмсау, өнімдеріне отандық экономика мүдделілік танытқан өндірісті дамытуға әлсіз дамыған аудандарда кәсіпорындар құрып, олардың жұмысын жандандыруға отандық және шетелдік инвесторлардың қаржылық ресурстарын тарту үшін қолайлы жағдайлар тудыру. Әртүрлі аудандардағы кәсіпкерлік қызметтердің жағдайларын теңестіретін табиғи өнімдерінің бағасын мемлекеттік тұрғыдан реттелуін қамтамасыз ету секілді әдістермен жүзеге асырылады. Аймақтың дамуына ықпал етудің ұйымдастырушылық