Стратегиялық менеджмент. Сауле Купешова

Читать онлайн.
Название Стратегиялық менеджмент
Автор произведения Сауле Купешова
Жанр Зарубежная образовательная литература
Серия
Издательство Зарубежная образовательная литература
Год выпуска 2015
isbn 978-601-04-0849-4



Скачать книгу

қаржы саласында орын алуы мүмкін.

      8- суретте көпсалалы компаниялар үшін стратегияны дайындау пирамидасы көрсетілген.

      Әртараптандыру стратегиясы екі түрлі болады – өзар байланысқан және өзара байланыспаған әртараптандыру стратегиясы.

      Өзара байланысқан әртараптандыру стратегиясы бойынша біріккен ұйымда стратегиялық сәйкестік әсерінің айтарлықтай орны бар. Ал өзара байланыспаған әртараптандыру стратегиясы бойынша біріккен ұйымда керісінше. Біріккен ұйымдардың бірінші түрі концерн, екіншісі конгломерат деп аталады. Кейбір жағдайлар ұйым үшін қолайсыздық тудырғанда, концерндер тәуекелдің төменгі деңгейінде болады, себебі олардың әр саладағы қызметі бір-біріне байланысты емес. Алайда, конгломераттар ұйым ішінде күштерді тиімді қайта топтау арқылы шығындарды азайта алады.

       8-сурет. Көпсалалы компания үшін стратегия дайындау пирамидасы

      Сонымен қатар, тәжірибеде ұйым үшін бизнес жасау немесе қызмет атқару жағдайлары қолайсыз болғанда:

      • ұйым сатылу, жойылу және банкроттық үдеріске ену мүмкіндігіне ие болған кезде капиталды сақтап қалу мен ұйымды жою стратегияларын;

      • қызметтің тиімділігін жоғарылату немесе маңызды экономикалық сілкіністерден сақтану мақсатында ұйымды өзгерту туралы стратегиялық шешім қабылдауда ұйым бағытын өзгерту немесе қайта құрылымдау стратегиясын;

      • әртүрлі ұлттық нарықтағы экономикалық конъюнктураға байланысты ұйымға қызметті өзгертуге және күштерін қайта бағыттауға қосымша мүмкіндік беретін, әртүрлі ұлттық нарықтарда қызметі ұсынылғанда ұйымды халықаралық әртараптандыру стратегиясын кездестіре аламыз.

      Теория жүзінде таңдалған мақсаттарға байланысты әртүрлі стратегияларды құрастыруға болады. Солардың ішінен бәсекелестік және инновациялық стратегияларға келесі бөлімдерде тоқталамыз.

      1.6. Стратегияның қалыптасуына әсер ететін факторлар

      Көптеген факторлар компанияның стратегиясын айқындауға әсер етеді. Бұл факторлардың өзара әрекеті әрбір сала мен компания үшін ерекше сипаттамаға ие және уақыт өткен сайын өзгереді. Ұқсас жағдайларда бірдей стратегияны таңдау ешқашан болмаған. Стратегияны айқындайтын факторлар бір-бірінен өте қатты ерекшеленеді. Сондықтан менеджерлер стратегияны таңдамас бұрын сыртқы және ішкі факторлардың жиынтығын бағалауы керек.

      Әлеуметтік, саяси жағдай

      Ұйымның әрекеті заңмен, мемлекеттік саясатпен, әлеуметтік реттеумен және қоғамның позициясымен шектелінеді.

      Ұйымға саяси шаралармен байланысты тұрақсыздық арқылы, өзі туралы негативті қоғамдық пікірлер салдарынан әртүрлі әлеуметтік топтармен, мақала, тергеумен жан-жақтан қысым көрсетілуі мүмкін. Компания стратегиясын таңдауға қоғамның әлеуметтік-психологиялық ахуалы, ірі зауыттардың жабылуы ықпалын тигізеді. Ол қоғамдық құқықтармен, құндылықтармен және басымдылықтармен санасуы керек, сыртқы жағдайды