Стратегиялық менеджмент. Сауле Купешова

Читать онлайн.
Название Стратегиялық менеджмент
Автор произведения Сауле Купешова
Жанр Зарубежная образовательная литература
Серия
Издательство Зарубежная образовательная литература
Год выпуска 2015
isbn 978-601-04-0849-4



Скачать книгу

компания қызметкерлерінен мол табыс күту қисынсыз. Стратегиялық басқару бойынша соңғы елу жыл ішінде 2000-ға жуық жарияланымдар басылған. Қазіргі уақытта стратегиялық басқару туралы түсініктердің барлығын қамтитын, оны сызықты аналитикалық жоспарлаудың үдерісі деп мойындаған және ұйымның стратегиясын қалыптастыруды ақылды лидердің табысқа жету актісі деп танитын стратегиялық басқару мектептерінің онға жуығы бар.

      И. Ансофф «Стратегиялық басқару» кітабында стратегияның мынадай негізгі ерекшеліктерін көрсетеді:

      • Стратегияны құрастыру үдерісі жай іс-әрекетпен бітпейді. Әдетте, ол ұйымның бәсекелестік позициясын нығайту мен өсімді қамтамасыз ететін жалпы бағыттарды белгілеумен нақтыланады.

      • Құрастырылған стратегия стратегиялық жоспарлауды нақтылау арқылы пайдаланылуы тиіс. Стратегияның рөлі, біріншіден, негізгі қызметтерге және шынайы мүмкіндіктерге назар аударуға көмектесу, екіншіден, басқа қолжетімсіз мүмкіндіктердің стратегиямен сәйкес келмейтінін көрсету.

      • Стратегияның қажеттілігі ұйым өзі белгілеген мақсаттарға жеткенде жоғалады.

      • Стратегия жасау барысында белгілі шаралардың жобасын құрастыру кезінде барлық мүмкіндіктерді анық болжауға болмайды.

      • Іздеу үдерісінде нақты баламалар ашылған кезде нақты ақпарат та пайда болады. Бірақ ол бірінші стратегиялық таңдауға қарсы келуі мүмкін.

      Жобаларды іріктеу үшін стратегиямен қатар бағдарлар да қолданылады. Бағдар – ұйым жетуге ұмтылатын мақсат болса, стратегия – мақсатқа жету құралы. Ал бағдарлар – шешім қабылдаудың жоғары деңгейі.

      Стратегия мен бағдарлар бір-бірімен алмаса алады.

      Стратегиялық басқаруды пайдаланудың да бірнеше шектеулері бар:

      Біріншіден, стратегиялық басқару өзінің мәніне қарай болашақтың бейнесін көз алдымызға дәл және егжей-тегжейлі бере алмайды. Ол компанияның ішкі жағдайы мен сыртқы ортадағы орнын талдап, келешекте қандай жағдайда болады, нарықта және бизнесте қандай орын алуы керек, қандай ұжымдық мәдениетке ие болуы қажет деген сұрақтарға жауап іздейді. Сондайақ осының барлығы ұйымның болашақта бәсекелестік күресте жеңіске жету, жетпеуін анықтауы тиіс.

      Екіншіден, стратегиялық басқару ескі ережелер мен процедуралар тәртібімен жүргізіле алмайды. Оның белгілі бір міндеттерді шешу кезінде немесе белгілі жағдайларда нені және қалай жасайтынын белгілейтін теориясы жоқ. Стратегиялық басқару – бизнес пен менеджменттің белгілі бір философиясы немесе идеологиясы. Яғни, әр менеджер стратегиялық басқаруды өз білімімен және біліктілігіне сай қабылдап, жүзеге асырады.

      Әрине, стратегияны таңдау мен оның мәселелерін талдаудың, сондай-ақ тәжірибеде жүзеге асырудың бірқатар ережелері, сызбалары, ұсыныстары бар. Ал тұтастай қарастырғанда тәжірибеде стратегиялық басқару – бұл:

      – жоғары басшылықтың ұйымды стратегиялық мақсаттарға жеткізу жолындағы интуициясы мен өнерінің симбиозы;

      – ұйымның ортамен байланысын, өнімінің жаңаруын, сондай-ақ ағымдағы жоспарлардың жүзеге