Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім. Рыскелді Мырзабекова

Читать онлайн.



Скачать книгу

бәсеңдету үшін Пак Чжон хи халық арасында кең тараған кхдР-мен байланыстарды қайтадан қалпына келтіру идеясына бет бұрды. 1971 жылдың тамызында Солтүстік кореямен басталған келіссөздерді Пак Чжон хи «ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» деген желеумен елде кезекті төтенше жағдай енгізу үшін пайдаланды. Төтенше жағдай 1971 жылдың желтоқсанында енгізілді. Сонымен бір мезгілде аса құпия жағдайда Пак Чжон хидің артып келе жатқан жеке сұраныстарын қанағаттандыратын конституцияға түзетулер енгізу дайындығы жүргізілді. 1972 жылдың 17 қазанында Сеул көшелеріне тұтқиылдан танкілер мен әскерлер кіргізілді. Пак Чжон хи радио арқылы халыққа арнап сөз сөйлеп, Ұлттық жиналыстың таратылғандығын, саяси партиялар қызметіне тыйым салынғандығын, конституция әрекетінің уақытша тоқтатылғандығын, ал президенттің жаңа конституцияны дайындауда жауапкершілікті өз мойнына алатындығын және жаңа конституцияны ұлттық референдум мақұлдайтындығы жөнінде мәлімдеме жасады.

      Оңтүстік Кореядағы Төртінші республика (1972-1981). Пак Чжо хи халыққа жария еткен конституция туралы референдум іс жүзінде бос уәде күйінде қалды. Референдум көптеген бұрмалаушылық пен ережелерді бұзу арқылы өткізілді. Жаңа конституция ашықтан-ашық халық мүддесіне жат сипатта болды. Атап айтқанда, оған азаматтардың бостандығын шектеуге мүмкіндіктер беретін бірқатар ережелер енгізілді. Ендігі жерде алты жылға сайланатын президент іс жүзінде шектеусіз өкілеттіліктерді иемденді. 1972 жылдың 23 желтоқсанында ел президенттігіне басқа үміткерлердің болмауы жағдайында Пак Чжон хи Оңтүстік корея президенті лауазымын иемденді. Оның осыдан кейінгі басқаруы ашық авторитарлы сипат алды. Бұл өз кезегінде елде оппозициялық күштер өз құрамына саясаткерлер, кәсіпкерлер, діни қызметкерлер және зиялы қауым мен студенттердің бір бөлігін қосу арқылы кең көлемде одақ құра бастады. Елде ашық дағдарысты жағдай пісіп-жетіліп келе жатты. Бірақ 1979 жылдың 26 қазанында Пак Чжон хи өз айналасындағылар қатарынан шыққан қастандық жасаушының қолынан қаза тапты.

      Осы оқиғадан соң төтенше жағдай енгізіліп елдегі жағдайды бұрын-соңды қоғамға белгісіз генерал-майор Чон ду хван бақылауына алды. Оның жақын үзеңгілесі генерал-майор Ро дэ У еді. 1979 жылдың желтоқсанынан 1981 жылдың ақпанына дейін созылған өтпелі кезеңде Чон ду хван Ұлттық Қауіпсіздік комитетін басқарды. Елді басқарудағы барлық іс Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің құзырына берілді. 1981 жылдың ақпанында Чон ду хван ешқандай қиындықсыз президенттік сайлауларда жеңіске жетті. Парламенттегі жетекші орынды сол жылдың қаңтарында құрылған үкіметтік демократиялық Әділет партиясы (дӘП) иемденді. Осы кезден Оңтүстік кореяда Бесінші Республика деген атпен белгілі режимнің басқару кезеңі басталды.

      Оңтүстік Кореядағы Бесінші Республика түсындагы әлеуметтік-экономитльщ және саяси ңүрылымдагы өзгерістер (1981-1987). Чон Ду Хванның президенттік кезеңінде Корей республикасының экономикалық даму қарқыны жоғары болды. Өндіріс пен