Название | Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім |
---|---|
Автор произведения | Рыскелді Мырзабекова |
Жанр | Зарубежная образовательная литература |
Серия | |
Издательство | Зарубежная образовательная литература |
Год выпуска | 2014 |
isbn | 978-601-04-0756-5, 978-601-04-0758-9 |
ХХ ғасырдың 60 жылдары мен ХХІ бас кезіндегі Жапонияның саяси өміріндегі өзгерістер. Қазіргі кездегі Жапонияның саяси жүйесі императорды мемлекет басшысы ретінде сақтайтын көп партиялы парламенттік демократия болып табылады. 38 жыл бойы 1993 жылға дейінгі сайлауларда ЛДП тұрақты жеңіске жетіп үкіметтік кабинетті басқарып келді. Бұл сайлаушылардың ел ішіндегі саяси тұрақтылыққа деген ықыласының зор болғандығын және осы мәселеде ЛДП-ға сенім артқандығының дәлелі болды. 1986 жылы ЛДП ел ішіндегі беделінің шырқау шегіне жетті және осы кезге дейін мәртебені Социалистік партиямен алма-кезек бөлісіп келеді. Бірақ, беделінің жоғары екендігіне қарамастан 1989 жылы ЛДП жоғары палатадағы көпшілік орнынан айрылды. Бұған себеп, коррупцияға қатысты ірі дау-дамай («Рикруто» фирмасының ісі министрлер кабинетінің ауысуына алып келді), жоғары саяси-партиялық топтағы мораль тазалығының төмендеуі, халыққа қосымша ауыртпалықтар алып келген тұтыну салығын енгізу болды. Жапон парламентінің төменгі палатасы (өкілдер палатасы) үшін болған 1993 жылғы сайлауларда ЛДП билікті қолдан шығарып алды. Елдегі билік Социалистік партияның қолына тиді. Жапонияның саяси өміріндегі осындай өзгерістер нәтижесінде ел ішінде мейлінше тұрақсыз күштер қалыптасты, ірі саяси партиялар ішінде жікшілдік пайда болды. Бұл партиялардағы бәсекелес топтардың көшбасшылары ел саясатының ұстанымды мәселелеріне қатысты ымыраға келе алмайтын позицияларды ұстанды.
Қазіргі кезде ЛдП билік басына қайта оралғанымен оның жағдайын мығым деп айтуға болмайды. 1998 жылдың шілдесіндегі парламенттің жоғарғы палатасындағы сайлауларда ЛдП тағы жеңіліске ұшырады. ЛдП жетекшісі Рютаро хасимото биліктен кететіндігін жариялап, жеңіліс үшін өзін кінәлімін деп есептеді. Осы оқиғадан кейін министрлер кабинетін кэйдзо Обути басқарды.
1. Жапониядағы «кері бағыт» саясатының үш мақсатын атап беріңіз.
2. хатояма үкіметіне АҚШ-тан біршама тәуелсіз дербес саясат жүргізуге мүмкіндік берген факторларды көрсетіңіз.
3. «Иліккен қалыпта жүргізілген саясат» (тэй-си-сэй) дегеннің мәні неде?
4. 1948 жылдың қарашасында АҚШ үкіметінің Жапониядағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында қабылдаған жоспарының пункттерін