Название | Шежірем сыр шертсе |
---|---|
Автор произведения | Тажис Мынжасар |
Жанр | История |
Серия | |
Издательство | История |
Год выпуска | 2015 |
isbn |
Сол айтпақшы, бұл тұжырымдар филология ғылымдарының докторы Әбілбек Нұрмағанбетовтің 1993 жылы 13 мамырдағы «Ана тілі» газетінің 5-бетінде жариялаған «Қазақ ру, тайпалары атауының төркіні» атты мақаласында келтіретін деректерімен де сабақтасып, жақын қабысып жатыр. «Тағы бір тарихи дерек–1979 жылы Өлгейде «Моңғолдың құпия шежіресі» бірінші рет қазақ тіліне аударылып басылып шықты. Бұл «Шежіренің» жазылып біткен жылы–1240 жыл. Демек, қазақ халқы қалыптасыпты-мыс деген мерзімнен екі ғасыр әрі. Осы аударманың ішінен біз «қазақ күймесі»(31–141-беттер) және «қазақ арба»(141-бет) тіркестерін кездестірдік… Егер де сол кездерде «қазақ» деген халықтың аты болмаса, арбаға қалай қосақталмақ?»,-дейді ол. Ал 1940 жылы Ташкентте басылып шыққан «Древние авторы о Средней Азии (VІ в. до н.э.–ІІІ в.н.э.) деген кітаптан: «Нахширустанские надгробные надписи на могиле Дария Гистаспа. Говорит царь Дарий: «Вот области, которые я покорил за границами Персии… коссаки» (34-б.), «Коссаки–вероятно северо-персидское племя»(153-б.), «Дарий І Гистасп царствовал 521–485 г.г. до нашей эры» (169-б.),-деген үзінділер келтіре отырып, «Бұл деректің мәліметі өзінен 4 мың жыл бұрынғы тарихты дастанға кіргізген Фирдауси хабарымен сәйкес келмейді деп кім айта алады. Шындап ден қойған жан Дарий айтқан «коссок» Фирдаусидағы «қазақпен» шендесіп жатқанын байқамасқа лажы жоқ. Дарий І бағындырдым деп отырған Персияның солтүстігіндегі «коссоктар» түрк тектес тайпалар екендігін анықтай түсерлік деректерден де құралақан емеспіз»,-дейді. Сөйтіп тарихшы Н.П.Толльдің: «Впрочем, часть ученых и до сих пор находит некоторые основания утверждать, что скифи были турками. Саками, по словам Геродота, персы называют скифов» деген байламдарын дәлел ретінде ұсынады («Скифы и гунны». Прага.1928 ж. 9 бет).
Қазақтың белгілі ғалымдары Т.И.Сұлтанов пен С.Г.Кляшторный да өздері жазған «Қазақстан: үшмыңжылдық деректемесі» атты кітабында Қазақ тарихын сонау ықылым заманғы сақтар дәуірінен бастап, Қазақ хандығы құрылған кезеңге дейін жеткізе отырып, қазақтың байырғы халқын орыстілді әдебиеттер күні кешегі кеңес дәуірінің 30 жылдарына дейін қайсақтар, қырғыз-қайсақтар деп тегіннен-тегін атамағанын айтып кетеді.
А.Айзахметов сөзінің соңында бүгінгі үлкен бір ұлт атауына айналған «қазақ» этнонимінің этимологиялық сыры дәл осы «қайсақ», «қырғыз-қайсақ», «Қырғыз-Қайсақ ордасы» атауларының астарында жатқаны ешбір талас тудырмайды дейді. Сөз жоқ, орыс үкіметі мен шенеуніктері бұл атауларды