Название | Шежірем сыр шертсе |
---|---|
Автор произведения | Тажис Мынжасар |
Жанр | История |
Серия | |
Издательство | История |
Год выпуска | 2015 |
isbn |
Мұндайда бабаларымыз ұрандатып, ту ғып ұстап, көтерген қазақ атауы этимологиясын «бармақтан сорып» «қаз» деп құстың атынан немесе кездейсоқ тілге оралған «қашақ» сөзінен іздеп әуре болмай, не де болса оны тарихымыздың әрірегінен, тереңінен орын алған көне тарихи деректерден асықпай іздеп тауып алар едік ойлаймыз.
Әйткенмен түк жоқ емес, қазақ атауы мен тегімізге қатысты әржер-бержерде аздылы-көптілі, там-тұмдап болсын мұндай деректемелердің сақталып қалғандығы белгілі. Бұл жөнінде біз әңгімеміздің басында айтып кеткенбіз. Ендеше, қазақ атауы мен тегіміз жөнінде солар не дейді екен енді соны бағамдақ көрейік.
Солардың бірі халқымыздың біртуар атақты ғалымы, академик Әлкей Марғұланның: «Қазақтар арабтар келмей тұрып Арал, Каспий теңізінің төңірегіндегі хазарлармен байланысты болған, Н.Я.Марр мен Б.Грозный келтірген «қаз», «хаз» сөзі екеуіне бірдей»; «Солтүстік Кавказдағы осетиндер кабарды мен балқарларды осы күнге дейін «қасақ», «кесек» деп атайды… Бұл атты кабарды мен балқарлар… ерте дәуірден не қыпшақтар заманынан (Х–ХV) сақтаған болу керек»,- деген тұжырым-байламдары (Тамғалы тас жазуы». «Жұлдыз». 1984. №1).
Қазақия ұлысының көне жұрты жөнінде кезінде патшалық Ресейдің 2-мемлекеттік Думасының депутаты болған, сыртқа да, елімізге де кең танымал, ғалым-тарихшымыз Мұхамеджан Тынышпаев та өзінің «Қазақ руларының генологиясы» ("Генеалогия казахских родов") деген белгілі еңбегінде айтып кетеді. Ол онда орыстың ұлы тарихшысы Н.М. Карамзин де, атақты шығыс зерттеуші ғалымы Семёнов-Тяньшанский де өз заманында осетиндер черкестерді қазақтар деп атағандығын, ал Карамзин сонымен қатар олардың Х ғасырларда Қара теңіз бен Каспий теңізі аралығын мекендеген торктар мен беренділерді де черкестерге яғни қазақтарға жатқызғандығын айтады («Рух» газеті. № 6. 2001 ж.).
Сондай-ақ белгілі шығыстанушы ғалым В.С. Смирнов 1232 жылы шыққан жылнаманы зерделей келе, орыс князі Владимир Монамахтың 1095 жылы қолға түскен Берш руынан шыққан косогтар Ығлар, Қытан, Ақланды өлтіргенін хабарлайды ( бұл да сонда).
Қазақтар жөнінде өз еңбегінде әйгілі шығыстанушы ғалым В.В.Бартольд те Х ғасырда Кавказ черкестері «косог» деп аталған деп хабарлайды (Шығармалар, 2 т. 848 б. М., 1963–1968 жылдар). Бұл деректер мәтінінен қазақтар қауымдастығының біз пайымдағандай ертеректе, X–XI ғасырлардан бастап-ақ жұртқа белгілі ұлыс болғандығын аңғарамыз.
Ұлыс пен оның құрамына кірген ру-тайпалар туралы зерттеуші Жарылқап Бейсенбайұлы да төмендегідей қызғылықты деректер келтіріледі: «…оныншы ғасырдағы Византия императоры Константин Порфирородный