Название | Қанатты сөз – қазына. 1-кітап |
---|---|
Автор произведения | Кеңес Оразбекұлы |
Жанр | Мифы. Легенды. Эпос |
Серия | |
Издательство | Мифы. Легенды. Эпос |
Год выпуска | 0 |
isbn | 9785449876317 |
– Балам, алты аласың болса, бес бересің де болады, —деп, ұста көрікшіге
Запыс* – ығыры шығу.
Пәтуа* – келісім.
жарты қалта теңге беріп, арқасынан қағып, шығарып салады.
Жігіт үйге келгенде, әке-шешесі одан қанша теңге әкелгенін сұрайды.
– Ақшаның алты аласын алып, бес бересін беріп келдім, —дейді.
Ұста көрікші жігітке қанша ақша төлеген?
Түсінектемесі: Ұста келісім шарттағы бір мың сексен теңгені алтыға бөліп, соның бір бөлігін ғана көрікші жігітке берген. Басқасын «бес бересі» ретінде ұстап қалған.
Жауабы: Көрікші жігіт бір жүз сексен теңге алған.
«Алты аласың, бес берешегің бар ма» деп те айтылады.
«Маған өткізіп қойғаның бар ма» деген сөзбен мәндес қанатты сөз.
АЛТЫ ШАҢЫРАҚТЫҢ ІРГЕСІ АЖЫРАМАСЫН
Ертеректе Сырым батыр бес-алты серігімен жол жүріп келе жатып, Мөңке бидің ауылының үстінен түсіпті. Мұнда той қызып жатыр екен. Кенже баласы аяқтанып, жаңа құдалар да осында болып шығады. Жекжаттарымен қатар келіп қалған құдайы қонақтарды Мөңке би өзі отырған үйге түсіреді. Астан соңғы бата беру сәтінде Сырым сөзін:
– Алты шаңырақтың іргесі ажырамасын, – деп бітіреді.
Бұған Мөңкенің құдасы түсінкіремей қалып, «алты шаңырақтың іргесі ажырамасынның» сырын сұрайды. Сонда Мөңке оған:
– Құдай қосқан екеуміз жакжат болып отырмыз. Сенің қызың маған келін болып түсті. Ол үш шаңыраққа ие болады. Біріншісі – келген жұрты, екіншісі – нағашы жұрты, үшіншісі – өз төркіні. Сол сияқты менің ұлым саған күйеу бала болады. Ол да үш шаңыраққа ие: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты. Екі бала қосылып, алты шаңырақты шығарып тұрған жоқ па? Осы алты шаңырақты құрап отырған алты рулы елдің аузы бір, ынтымағы берік болмай ма? – деген екен.
АЛТЫН, КҮМІС – ТАС ЕКЕН,
АРПА, БИДАЙ – АС ЕКЕН
Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бір- бірін көргісі келмейді екен.
Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті.
Бір жылы көктемде алапат су тасқыны болыпты. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге:
– Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, —дейді.
– Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, —деп, жауап береді кедей.
Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды.
– Алтынымның жартысын берейін, —дейді ол бұл жолы.
– Жоқ, бере алмаймын, —деп бұл жолы да кедей келіспейді.
Ақыры аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай үзім нанға бар алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып,