Қанатты сөз – қазына. 1-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Читать онлайн.
Название Қанатты сөз – қазына. 1-кітап
Автор произведения Кеңес Оразбекұлы
Жанр Мифы. Легенды. Эпос
Серия
Издательство Мифы. Легенды. Эпос
Год выпуска 0
isbn 9785449876317



Скачать книгу

бұрылып жүре береді.

      – Сен неткен көргенсізсің, маған айтқан рақметің қайда?! – деп айқайлайды Арыстанбаб.

      Сонда бала артына бұрылып тұрып:

      – Сізге несіне рақмет айтам? Сіз бар шырынын сорып жеп, маған құр сүйегін қалдырып отырсыз, – дейді. – Жарайды, сізге келіп түнесін, менен тілек тілесін, – деп жүріп кетеді.

      Содан бері халық Түркістанға сапар шеккенде әуелі Арыстанбабтың басына барып мінәжат етеді. Құран оқытады. Мазарына бір түнеп, содан соң ғана Ахмет Иассауи кесенесіне аттанады екен.

      Халық арасында «Арыстанбабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген нақыл сөз содан қалыпты. Бұл нақылды кейде «Әулиенің басына түне, Алладан тіле» деп жалпылама айтатындар да бар.

      АРЫСТАНДАЙ АЗУЛЫМЕН ЖОЛДАС БОЛМА, АШЫҒАСЫҢ,

      ТҮЛКІДЕЙ ҚУМЕН ЖОЛДАС БОЛМА, АСЫЛАСЫҢ

      Жүйіткіп келе жатқан түлкі бір жемтікке кездеседі. Жақсы атанбақ болып, мұны жемтік жейтін аңдардың бәріне хабарлайды. Барлық аң жиналады. Аңдар жемтікке ауыз салайын десе, арыстаннан асуға бата алмайды. Сонда түлкі жылмаңдап:

      – Ел ағасы бөлсін? – дейді арыстанға жалтақтай қарап. Сонда арыстан орнынан тұрады.

      – Мен айтсам, бұл жемтіктің бір бөлігі менің арыстан атыма, бір бөлігі күштілігіме, енді бір бөлігіне кімнің тісі тисе, сау қалмайды, – дейді.

      Мұны естіген соң аңдар бастары салбырап, тарап кете барады. Бұған түлкі іштей ызаланып, дық сақтайды. Тағы бір күні жортып келе жатқан түлкі құрулы тұрған атпа тұзақты көреді. Аптыға жүгіріп арыстанға барады:

      – Ел ағасы, тағы бір жемтік көрдім, соны бөліп беріңіз!

      – Ал, онда баста! – дейді арыстан. Жылмаң қаққан түлкі ертіп алып, тұзаққа таяп келгенде:

      – Сіз осы жолмен тіке жүре беріңіз, мен мына жақты шола келейін… – деп, жолдан тайсақтанып, айнала өтеді. Аңғал арыстан бұрылыссыз тура тарта береді. Алшаңдап келе жатып, атпа тұзақты басып қалады да, ағашқа ілініп, салақтап қалады. Басы салбырап тұрған арыстанды артынан келген түлкі көреді.

      – Ел ағасы, не болды?

      – Не болушы еді, – дейді арыстан. – Сен керіл деп жібердің ғой, мен керіліп тұрмын…

      Түлкі қулығына риза болады.

      «Арыстандай азулымен жолдас болма, ашығасың, түлкідей қумен жолдас болма, асыласың», – деген сөз содан қалған екен.

      Өзін өзгелерден артық санайтын өркөкірек, менмен, арсыз, ожар адамдармен дос болма, үлесіңнен, сыбағаңнан құр қаласың. Ондай адамдар саған тиесілі нәрсені күш көрсетіп, тартып алудан да тайынбайды. Ал, қу, аяр адамдармен дос болсаң, олар сені қулық, сұмдықпен алдап, сазға отырғызады, абырой-беделден айырыласың деген ойды білдіреді.

      АСПАНДА ҰШСАМ ҚАНАТЫМ ТАЛАДЫ,

      ЖЕРГЕ ТҮССЕМ ЖАЛАЙЫР ШОРА АЛАДЫ

      Ұлы жүз – Үйсіннен Абақ, Тарақ деген екі бала болып, Тарақтың аты «Жалайыр» атанып кеткен дейді. Өзі батыр, палуан Тарақ асаудан жығылғанда аттың жалын ұстап жығылып, жалды айырып түскендіктен «Жалайыр» болып атанған деген сөз бар. Сол екі ата жалайыр елінде құс салып, ит жүгірткен қазақ саяткерлерінің