Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір. Коллектив авторов

Читать онлайн.



Скачать книгу

(тоникалық) екпініне қарай, әуендік ырғақ мағына мен мазмұнды белгілейді екен де, мазмұн өзгеріп тұратын көрінеді.

      Былайша айтқанда, бір дауысты дыбыстың өзі – жатық, өрлемелі, шығандамалы, төмендемелі және жеңіл дыбыстың ырғағына (дыбыс тонына) қарай әртүрлі мағынаны білдіреді. Демек, дауысты дыбыстың ырғағына қарай бір буынның өзін бірнеше сөз (морфема) деп білеміз. Буындағы немесе бунақтағы әуендік өзгерістің музыкалық екпіні және оның үнділігі мен басыңқылығы, қарлыға шығуы мен ашық та ащы көтерілуі мазмұн мен мағынаны мүлде өзгертіп жібереді. Мысалы, «лш» деген бір буын – дауыстың ырғағына қарай бес түрлі мағынаға ие болады – «шеше», «кендір», «жылқы», «тілдеу», сұрау (?) мағыналы демеулік шылау.

      Пекиннің шетіндегі ескі көпірдің үстінде 440 тас арыстанның мүсіні орнатылған еді. Мұның қытайша иероглифпен жазы- луы мен сөзбен айтылуы:

      Нәзік те әуенді ырғақты дыбыстың музыкалық тербелісін келтіре алмағандықтан, сөздің мазмұндық мәні мүлде өзгеріп кетеді екен. Қараңыз, «сысыши ши шицы» – «440 тас арыстан» деген қарапайым тіркес, бейне бір жаңылтпаш сияқты болып, түсіндіру қиынға соққандықтан, сөздік арқылы түсіндіруге мәжбүр болады. Сонда дауысты былай қойғанда, с, ш, цз сияқты дауыссыз дыбыстардың артикуляциясы және айтылу реңдері мүлде өзгеше болғандықтан, мазмұнның өзгеруіне де ықпалын тигізіп отырады.

      Сонымен қатар қытай тілінде омоним (омофон) сөздер орасан көп. Олардың айтылуы бірдей болғанмен, идеографиялық жазу таңбалары әртүрлі.

      Қытай тілін жетік білетін азаматтардың да бір-бірімен еркін сөйлесуі, ұғысуы оңай емес – шетелден келген сіз түгіл, Шанхайда тұратын қытайлық пен Пекинде тұратын осы ел азаматының сөйлесуі кезінде бірін-бірі түсінбеуі бола беретін тірлік. Жер-жердегі (жергілікті диалектілерде) сөздердің айтылуы басқа-басқа да, ал жазылуы – иероглифпен белгіленуі бірыңғай. Сол себепті бірін-бірі сөзбен, яғни дауыстап сөйлесу кезінде ұғыныса алмаса, бір-біріне иероглифпен жазысып ұғынысатын көрінеді.

      Байқауымызша, қытай тілінде түбірі түркі тілдерімен ортақ байырғы сөздер баршылық, мысалы:

      Қытайша (ханзуша) сауат ашудың күрделілігі, яғни иероглифпен белгілеудің көптігі сонша – газет-журнал оқып, оны түсіну үшін бес-он мың иероглифті білу керек. Демек, ресми мәліметтер көрсеткендей, қазіргі Қытайда 300 миллиондай адамның сауатсыз болуының бір ұшы осында жатқан сияқты.

      Жолымыз түсіп Үрімжі қаласындағы шетелдіктерге арналған мейманханаға тоқтаған едік. Осы мейманхана қызметшісі Гүлжабар араб әрпімен шығатын жергілікті газет-журналды оқи алмайтынын айтты. Себебін сұрастырсақ, ол кісі мектепте қазақша оқыған кезде латын графикасы пайдаланылған екен де, араға уақыт салып Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ, қырғыздар араб графикасына қайта көшкенде (1982-1984 жылдары) бұл жазуды үйрене алмаған көрінеді. «Мәдени төңкерістің» зардаптарын жоюға бағытталған кейбір шаралардың қарапайым халыққа