Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер). Гүлжауһар Көкебaевa

Читать онлайн.



Скачать книгу

шарттармен бағынуға шақырылады… .

      Егер шақырылған мемлекет дауды реттеу мақсатында өзіне лига мүшесінің міндеттемесін қабылдаудан бас тартып, лига мүшесіне қарсы соғысқа жүгінсе, онда оған 6-баптың қаулылары қолданылады.

      Егер шақырылған жақтардың екеуі де дауды реттеу мақсатында өзіне лига мүшесінің міндеттерін қабылдаудан бас тартса, онда кеңес жаулық әрекеттерді болдырмайтын және қақтығысты шешуге әкелетін барлық шараларды қолдана алады және әртүрлі ұсыныстар жасай алады.

      18- бап. Лига мүшелері болашақта жасайтын барлық халықаралық келісімшарттарды немесе халықаралық міндеттемелерді хатшылық дереу тіркеуге және мүмкіндігінше жылдам жариялауға тиісті. Бұл халықаралық келісімшарттардың немесе міндеттемелердің ешқайсысы, тіркелмей тұрғанда, сөзсіз міндетті болмайды.

      20-бап. …Егер өзі лигаға кіргенге дейін мүше өзіне Статустың шарттарымен сыйыспайтын міндеттемелер алған болса, онда ол өзін осы міндеттемелерден босатуға шұғыл шаралар қабылдауға тиісті.

      22-бап. Бұрын билеп келген мемлекеттердің егеменді билігінен соғыс нәтижесінде шығып кеткен және қазіргі дүниенің қиын жағдайында өзін-өзі билей алмайтын халықтар тұратын жерлер мен отарларға қатысты алғанда мынадай қағидалар қолданылады. Бұл халықтардың игілігі мен дамуы өркениеттің қасиетті борышын құрайды, демек, бұл борыштың орындалу кепілдіктерін осы статусқа кіргізу қажет.

      Бұл қағиданы іс жүзіне асырудың ең жақсы әдісі – бұл халықтарға қамқорлық жасауда өзінің тәжірибесі және географиялық орналасуы жағынан басқаларға қарағанда өзіне осы жауапкершілікті алуға мүмкіншілігі бар және оны алуға келісіп отырған алдыңғы қатарлы ұлттарға сенім білдіру; олар бұл қамқорлықты Мандатарийлер ретінде және лига атынан іске асырар еді. Мандаттың сипаты халықтың даму дәрежесіне, территорияның географиялық жағдайына, оның экономикалық жағдайлары мен басқа әртүрлі осыған ұқсас жағдайларға орай өзгешеленуге тиісті…

      25-бап. Лига мүшелері лайықты рұқсатын алған, денсаулықты жақ-сарту, аурулармен алдын ала күресу және өмірдегі қасіреттерді жеңілдету міндетін иеленген Қызыл Крестің ерікті ұлттық ұйымдарының құрылуын және ынтымақтасуын көтермелеуге және жеңілдетуге міндеттенеді.

2- бөлімГерманияның шекаралары

      27-бап. Германияның шекаралары мынадай түрде анықталатын болды:

      1° Бельгиямен:

      Үш шекараның – Бельгияның, Нидерландияның және Германияның ортақ пунктінен және оңтүстікке қарай:

      Бейтарап Морэнэнің бұрынғы территориясының солтүстік шығыс шекарасы, одан кейін Эйпен аймағының шығыс шекарасы одан кейін Бельгия мен Монжуа аймағының арасындағы шекара, одан кейін Мальмеди аймағының солтүстік шығыс және шығыс шекарасы оның Люксембургпен қиылысқан пунктіне дейін:

      2° Люксембургпен:

      1914 жылдың 3 тамызына қарайы шекара және оның Францияның 1870 жылғы 18-шілдеге қарайғы шекарасымен қиылысуына дейін.

      3° Франциямен:

      ІІІ