Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер). Гүлжауһар Көкебaевa

Читать онлайн.



Скачать книгу

Одақтас және Бірлескен Үкіметтер Германия мен оның одақтастары Одақтас және Бірлескен Үкіметтердің және олардың азаматтарының соғыс салдарынан шыққан барлық шығындары үшін жауапты екендігін Германия мойындайды деп мәлімдейді.

      233-бап. Германия өтеуге тиісті аталған шығындар мөлшерін Репарациялық комиссия деп аталатын, төменде көрсетілген құқықтармен және осыған П^П қосымшаларда белгіленген түрде құрылатын Одақаралық комиссия белгілейді.

      Осы комиссияның жоғарыда анықталған шығындар мөлшеріне қатысты шешімдері 1921 жылдың 1-мамырына дейін жасалады және Германияға оның міндеттемелерінің жиынтығы ретінде хабарланады.

      Комиссия сонымен қатар Германияның 1921 жылдың 1 мамырынан бастап 30 жыл бойына төлейтін барлық қарызының төлену мерзімдері мен түрін көрсететін төлем үлгісін белгілейді… .

      235-бап. … Германия 1919 бен 1920 жылдар бойына және 1921 жылдың алғашқы төрт айында Репарациялық комиссия белгілейтін тұрпатта (алтынмен, тауарлармен, кемелермен, құнды қағаздармен немесе басқаша) парапарлығы 20.000.000.000 (20 миллиард) алтын маркаға тең төлем төлеу керек… .

XIV бөлімОРЫНДАУ КЕПІЛДІКТЕРІ

      Батыс Еуропа

      428-бап. Германияның осы Шарты орындауының кепілдігі ретінде Рейннің батысындағы герман территорияларын көпір алдындағы бекіністерімен қоса Одақтас және Бірлескен мемлекеттер осы Шарттың күшіне енген күннен бастап 15 жылға басып алады.

      431-бап. Егер он бес жылдық мерзім біткенге дейін Германия осы Шартта көрсетілген өзіне қойылған барлық міндеттемелерді қанағаттандыратын болса, онда басып алушы әскерлер шұғыл шығарылады.

      Шығыс Еуропа

      433-бап. Осы келісімнің шарттары бойынша Германия БрестЛитовск келісімін және оның Ресейдегі Максималистік Үкіметпен жасаған барлық шарттарды, конвенцияларды және келісімдерді жойғандығын түпкілікті мойындауының кепілдігі ретінде, сондай-ақ Балтық провинциялары мен Литвада бейбітшілікті және қолайлы басқару жүйесін қалпына келтіру мақсатымен аталған жерлерде тұрған герман әскерлері Басты Одақтас және Біріккен мемлекеттер осы жерлердің ішкі жағдайына сәйкес анықтаған уақытында Германияың өз жеріне қайтарылады…

      Версальский мирный договор / под ред. Ю.В. Ключникова и А. Сабанина. – М., 1925. – С. 3-169.

Сен-Жермен бітімшарты (үзінді)1919 жылдың 10 қыркүйегі

      27-бап. Австрия шекаралары мынадай түрде белгіленеді: 1) Швейцариямен жене Люксембургпен: бұрыннан қалыптасқан шекара… 2) Германиямен: 1914 жылдың 3 тамызындағы шекара.

      59-бап. Австрия бұрынғы Буковина герцогтығының бір бөлігіне қатысты барлық құқықтарынан және құқық негіздерінен Румынияның пайдасына бастартады… .

      88-бап. Австрияның тәуелсіздігі Ұлттар лигасы Кеңесінің келісімінсіз бұзылуы мүмкін емес. Сондықтан Австрия қандай жолмен болса да айрықша, оны Ұлттар лигасына қабылдағанға дейін басқа бір мемлекеттің істеріне қатысу жолымен өзінің тәуелсіздігін тура немесе жанама түрде бұзуға апаратын әрекет атаулыдан аулақ болуға міндеттенеді… .

      120- бап. Австрия әскеріндегі қарулы күштердің жалпы саны офицерлер мен сапта жоқ бөлімдерді қосқанда 30 000 адамнан