Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер). Гүлжауһар Көкебaевa

Читать онлайн.



Скачать книгу

(Англия, АҚШ, Франция, Жапония, Италия) су сыйымдылығы 35 мың тоннадан асатын әскери кемелер жасауға тыйым салды және осы мемлекеттердің әскери-теңіз флотының (линкорлар бойынша) арасалмағын 5:5:3:1,75:1,75 ретімен белгіледі. Бұл американ дипломатиясының үлкен табысы болды. АҚШ американ теңіз қаруларының ең ірі кемелер категориясы бойынша «теңіз билеушісі» Англиямен теңесуіне қол жеткізді. Англия

      АҚШ-тың теңдігін мойындауға мәжбүр болды, ал АҚШ үшін бұл ыңғайлы еді, өйткені Панама мойнағынан су сыйымдылығы 35 мың тоннадан асатын кемелер өте алмайтын-ды. «Тоғыз мемлекет келісімі» Вашингтон конференциясына қатысушы елдерді Қытайдың егемендігін, тәуелсіздігін және территориялық тұтастығына қол сұғылмайтындығын құрметтеуге шақырды. Келісім барлық ұлттарды Қытайдың жерінде сауда жасауда және өнеркәсіпті дамытуда «ашық есіктер» және «тең мүмкіндіктер» қағидаларын ұстауға міндеттеді. Бұл басты капиталистік елдердің Қытайды бұрынғысынша «ықпал аймақтарына» бөлуден бас тартқанын көрсетті. Алайда келісім ірі мемлекеттердің бұл елмен бұрынырақта жасаған тең емес келісімдерін жойған жоқ. АҚШ Жапонияның Шаньдун түбегін басып алудан бас тартуын және оны Қытайға қайтаруын талап етті, мұның өзі Версаль шартын қайта қарау болар еді.

ХХғ. бірінші жартысындағы халықаралық қатынастардың дамуындағы Версаль-Вашингтон жүйесінің маңызы

      Версаль-Вашингтон жүйесі халықаралық қатынастардың көптеген мәселелерін шешкен жоқ. Шығыс және Орталық Еуропада барлық мемлекеттердің бір-біріне территориялық талаптары болды. Мемлекеттердің шекаралас аймақтарында бір этностың өкілдері тұрды, бұл ұлтшылдық пен реваншистік пиғылдарды күшейтті. Германия Версаль бітімшартының нұсқауларына көнуге мәжбүр болды. Жеңімпаз мемлекеттердің қатарындағы Италия мен Жапония да осы жүйедегі өздеріне белгіленген орынға риза болған жоқ, осылайша оларда да басқыншылық пиғылдар қалыптаса бастады. Версаль шартын бекітпеген АҚШ әлемде Ұлыбританияның беделінің күшейгенін ұната қойған жоқ. КСРО да Версаль жүйесіне қарсы болды. Осылайша Версаль-Вашингтон жүйесі тек қана Ұлыбритания, Франция және Еуропаның кіші елдерін қанағаттандырды.

      Версаль-Вашингтон жүйесінің тарихи маңызын, жағымдыжағымсыз жақтарын түсіну үшін Париж және Вашингтон конференцияларының халықтардың өзін-өзі билеу құқығын бекітуі, қақтығыстарды шешудің құралы ретінде соғысты қолданудан бас тарту, бірқатар еуропалық халықтардың тәуелсіздігінің мойындалуы сияқты шешімдерге айрықша назар аудару қажет.

      Семинарда пайдаланылатын деректер:

АҚШ президенті В. Вильсонның бітімшарттары туралы «он төрт тармағы»1918 жылдың 8 қаңтары

      Біздің бағдарламамыз баршаға ортақ бейбітшілік бағдарламасы болып табылады. Бұл бағдарлама, жалғыз ғана мүмкін бағдарлама, мынадай:

      1. Ашық талқыланған, жария бітімшарттары, олардан кейін қандай түрде де құпия халықаралық келісімдер болмайды, ал дипломатия үнемі ешбір қалтқысыз және барлығының көз алдында әрекет жасайтын