Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VІ-VІІІ ғ.). Қ. Жұмағұлов

Читать онлайн.



Скачать книгу

әртүрлілігіне, салт-дәстүрлеріне байланысты құнды мәліметтерді де береді. Оның айтуынша: «ең бірінші, ол өмір сүрген кездегі империяға өте көп қауіп төндірмейтін халықтардың соғыс жүргізу тәсілдерін, дәстүрін жазу керек» дейді. «Политическое кредо автора трактата сводится к тому, что для достижения цели на войне можно использовать любые средство». Яғни трактатта автор соғыста барлық мүмкіншілікті пайдалану керек деген нақылмен саяси түйін жасайды. Осы нақыл сөз қазіргі күннің өзінде көп қолданыс табуда.

      Иоанн Бикларский – шамамен 540-621 жылдары өмір сүрген жылнамашы. Оның 567-590 жылдардағы Виктор Тунненский жылнамасының (Chronic continuans Victorem Tunnunensem) жалғасы болып табылады. Иоанн Бикларский өз жұмысында аварлардың материалдық мәдениетін, кейінірек византиялықтар қабылдаған әскери-техникалық жабдықталуын баяндаған.

      Келесі бір дерек – авар тарихын топтастыруға көмек болған Феофилакт Симокаттаның «Тарих» атты еңбегі. Ф. Симокаттаның шығармасында славян тайпаларының Балқан жарты аралына таралуы (VІ-VІІ ғ.) жайында тарихтың көмескі қырларын толтырады. Сонымен қатар Оңтүстік Шығыс Еуропаға басқа да тайпалардың қоныстануы жайлы, соның ішінде Авар қағанаты жайында мәліметтер, әсіресе авар атауының Еуропада дәуірлеуіне байланысты қағандықтың ішкі жағдайлары, Баян қаған тұлғасына, жалпы олардың бет-бейнесі жайында көптеген деректерді береді. Ф. Симокатта –шығу тегі жағынан египеттік. Симокатта шын мәнісінде риторлар мен заңгерлерге ғана тән шен – «схоластик пен апоэарх» атағын иеленген, бірақ оның қандай қызметте болғандығы белгісіз. Шамамен 641 ж. қайтыс болған. Симокатта алғашында жеңіл әдеби жұмыстармен шұғылданып, кейіннен сегіз томдық «император Маврикидің билік ету тарихы» атты маңызды еңбекті жазуға көшеді. «Тарих» атты еңбегінде парсылар жағында соғысқа қатысқан аварлар (602-628 ж.) Византияның Персиямен соғысын атап өтуіне қарағанда шамамен 630 ж. жазылса керек.

      Ол – оқиғаларды өз көзімен көрмеген, тек естігенін жазған византиялық тарихшы. Византиялық жылнамашылардың арасынан деректік құндылығы жағынан Менандрдың мәліметі ме, әлде Симокаттаның жазбалары шындыққа жанаса ма деген де Менандрдың мәліметтері Ф. Симмокаттаның деректеріне қарағанда құндылау. Феофилакт ғұндар мен түріктер туралы (VІ ғ. аяғы) жазады. Аварлардың Шығыс Рим империясы шекарасындағы ғұндардың түркітілдес ұрпақтары болғандығына орай, бұл еңбектің де маңызы зор. Ол түріктердің дінін сипаттай келіп: «Түріктер бәрінен бұрын отты құрметтейді, ауа мен суды оқиды, жерге ұран салады, жер мен көкті жаратушы деп құрметтейді, табынады және оны құдай деп атайды. Оған арнап жылқы, өгіз, ұсақ малдарды құрбандыққа шалып, өздерінің пірі етіп, болашақ туралы болжай білетіндерді қояды», – дейді. Феофилакт анағұрлым кең мәліметті славяндар туралы бере отырып, олардың тұрмысы мен батырларының есімдері туралы атап өтеді. Бұл өте маңызды, себебі аварлықтар Византияны үнемі өзінің басыбайлысы есебінде көргісі келген Симокаттаның славяндарды скифтік немесе германдық деп шатастыруы сол