Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VІ-VІІІ ғ.). Қ. Жұмағұлов

Читать онлайн.



Скачать книгу

көшбасшылар мен мықты әскери тайпаларды императордың қарамағына тиімді пайдаланып отырған. Оларға атақты отбасылардың қыздарын үйлендіріп, ұлдарын империялық патриот рухында тәрбиелеген. Ол үшін балаларды ата-анасынан түрлі сылтаумен ажыратып, астанада оқытқан. «Бөліп ал да, билей бер» қағидасының басты мақсаты тайпалардың күшеюіне жол бермеу, бір-біріне айдап салу, кеңесші рөлін ойнай отырып, өзара келіспеушілікті пайдаланып, әлсірету болды.

      Константинопольде тайпалар арасындағы ұрыс пен жанжалды мұқият бақылап отырды. Билікке ұмтылған жолы болмағандарды қорғап, оларды билеп отырған билікті алмастыруға үміткер ретінде оларды бопсалау үшін пайдаланды. «Варварларға» қатысты ресми доктринаны атап өту қажет. Оған христиан империясының болуы, идеясы тән. Византияның саяси көзқарасы Рим империясынан мемлекеттік біртұтастықтың концепциясын мұра етіп қалдырды. Шығыс Еуропа әлемі нақты екі бөлікке бөлінді – «тұрғылықты» (өркениетті кеңістік) және «варварлар жері». Империялықтар варварларды ерекше атаулармен атаған. Мысалы, ғұндар мен аварларды дәстүрлі түрде «қатыгез» халық деген. Византиялық саясаткерлердің орталық назарында солтүстіктегі үш аймақ болды: Кавказ, Солтүстік Қаратеңіз жағалауы және Дунай маңы. Дунай өзені бойы аварлардың алғаш қоныстанған аймағы еді. Сонымен, аварлардың Дунай маңындаға саяси қимылдары жөнінде толыққанды мәліметті Менандр Протектор береді. Менандрдың өмірі, туған жылы жайында мәліметтер жоқтың қасы. Менандр өзі жайында көп айтпайды, оның замандасы византия тарихшыларының бірі Феофилакт Симокатта Менандр жайында бір-екі ауыз сөздер ғана келтіреді. Менандр «История» («Тарих») атты еңбегін 558 жылы Агафий әңгімелерінің біткен жерінен әрі қарай жалғастырады. Яғни 558 жылы Фракия (Өракія) жеріне ғұн кутургурларының келген уақытынан бастап, Византия императоры Тиберидің өлуімен аяқтайды. Ол Протектор немесе Протиктор деп аталады, себебі 558 жылдан бастап Менандр сарай қызметкері – protektor қызметін атқарған. Содан бастап оны көптеген деректерде Менандр Протектор деп атап кеткен. Оның көзқарастары Византия императорының сыртқы саяси доктринасын толық сипаттайды, өйткені жоғарыда келтіргендей, ол Юстиниан императоры кезінде дипломат болған, сондай-ақ империяда ірі мемлекеттік лауазымды қызметтерді атқарған. Менандрдың этносаяси көзқарасына басқа тайпаларға қатысты сабырлық және византиялық үшін сирек кездесетін ортодоксальді көзқарас тән. Мысалы, «Тарих» еңбегінде түркілер «варварлар» деп аталмай, ол басқа тайпаның басшысы византия императорының «ағасы» ретінде қызмет ете алады (яғни әлеуметтік деңгейі бірдей). Ерте ортағасырлық византияның жауларына мұндай көзқарас VІ ғасырдың аяғында византиялық сыртқы саяси доктринаның жаңа бағыты пайда болғанын көрсетеді. Енді византиялық дипломатияда көршілерін саяси мәселелерде тиімді пайдалану тәсілі орын алды. Менандрдың қолжазбаларынан Византия сарайының парсы патшаларымен және түркі ордаларымен болған қатынас сияқты