Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VІ-VІІІ ғ.). Қ. Жұмағұлов

Читать онлайн.



Скачать книгу

VІ ғасырда өмір сүріп, осы ғасырдың екінші жартысында өзінің «Гетика» (De rebus Gethicis) және «Краткая хроника» атты мұрасын жазады. Иорданның маңызды еңбектерінің бірі – «Гот тарихы» біздің заманымызға толық жеткен.

      Прокопий Кесарийский Иордан сияқты император Юстинианның дәуірінде өмір сүрген, ол бірнеше тарихи шығармалар жазған. Оның ең үлкен жазбасы «О войнах Юстиниана» 68 кітаптан тұрады, автордың соңғы төрт кітабы (V-VІІІ ғ.) «Готтармен соғыс» («О войнах с готами»), «Құрылыстар» («О постройках») және «Құпия тари» («Тайная история»). Жалпы славянтанушылардың айтуынша, бұл автор славяндар жайында толық мәліметтерді және славяндарды өз атымен атап, олардың Шығыс Еуропаға, Шығыс Рим империясы жеріне жасаған жорықтары, аварлардың осы өңірге келуі, олардың славян және тағы басқа тайпаларға тигізген әсері жайында мол, жан-жақты мәліметтерді береді. Айталық «Готтар тарихында» славян ант тайпаларының өмір сүруі жайында хабарлап, оларды бір адам басқармайды, бірақ теңдікте, бірлікте өмір сүрген дейді. Сонымен бірге славян, ант тайпаларының дүние танымдық көзқарастары, діни наным сенімдері жайлы мағлұматтар береді. Олардың өмір сүруі өте дөрекі массагеттерге тән, бойы ұзын, күштері көп деп мәліметтер келтіреді. Ал «Құпия тарихында» ғұн, славян және анттар Рим жеріне ұдайы шапқыншылық жасады дейді, яғни ғұн деп отырғаны аварларды айтып отырса керек, себебі Юстинианның билігі тұсында көпшілік жаугершілік соғыстарды аварлар жасап отырған. Олардың әр жорығында, рим жерінен шамамен 200000 адам құлдыққа әкетіліп, енді бұл империя жері скифтік елге айналғандай деп, адамсыз бос, иен қалған византия елін скиф даласымен салыстырады. П. Кесарийскийдің осы сияқты құнды мәліметтерін біз оқу құралын жазу барысында басшылыққа алдық [29,496 с.].

      Авар тарихын толық жинастыру мақсатында сириялық авторлардың мәліметтері біз қарастырып отырған мәселенің қырларын жан-жақты ашу үшін тиімді. Айталық сириялық жылнамашы Иоанн Эфесскийдің славяндар, аварлар және т.б. тайпалар жөнінде құнды мәліметтері топтастырылып басқа жазба деректермен салыстырылды. Иоанн Эфесский 506-585 жылдары өмір сүрген. Иоанн Эфесский (506-585/586) – монофизиттік епископ, көптеген тарихи шығармалардың авторы. Ұлы император Юстинианның тұсындағы саяси тарихты паш етеді. Шығу тегі жағынан сириялық, Месопотамиядағы Амид қала маңында туып өскен. Иоанн Эфесский «Шіркеу тарихы» (“Церковная история”) атты ауқымды еңбек жазып қалдырған. Бұл кітап үш бөлімнен тұрады. Біздің тақырыбымыз үшін бұл кітаптың екінші бөлімі «Тарих» (439-570 ж.) атты еңбегі маңызды, автор бұл бөлімді 571 жылы жазып бітірген. Иоанн еңбегі «Шіркеу тарихы» деп аталғанымен онда көбінесе азаматтық тарихқа көңіл бөлінді. Иоанн еңбегінің екінші және үшінші бөлімінің кейбір тараулары мен соңғы алтыншы бөлімі толығымен сақталмаған. Дегенмен бұл деректің авар тарихы үшін құндылығы – иран-византия арасындағы соғыс қимылдарын сипаттай отырып, авар-византиялық мәдениет және өркениеттік алмасудың дипломатиялық сәттерін баяндауы.

      Иоанн Эфесскийдің «Тарихының»