Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева

Читать онлайн.
Название Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009)
Автор произведения Бақыт Бөжеева
Жанр Учебная литература
Серия
Издательство Учебная литература
Год выпуска 2010
isbn 9965-29-514-X



Скачать книгу

қабылдау, төменгі еңбекақыны көбейту, медициналық сақтандыруды енгізу жөнінде заң қабылдау, нәсілдік жікшілдікті жою, денсаулық, оқу-білім және арзан баспана салу жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру. Бірақ бұл либералды реформа бағдарламалары елдегі республикалық және демократиялық партиялардағы бірқатар ірі капитал ұйымдары жағынан және оңшыл топтар тарапынан қарсылық көрді. Либералды демократтар азаматтардың әлеуметтік құқықтарын кеңейту жөніндегі бірқатар заң жобаларын Конгресс арқылы өткізуді көздеген болатын, бірақ консервативті күштер позициясының нығаюы салдарынан бұл іс-әрекеттері толығымен жүзеге аспай қалды.

      Дегенмен, осы жылдары консерваторлардың едәуір бөлігі мемлекеттік реттеу идеясын жоққа шығармады. Олар тек федералды үкіметтің экономикаға араласу деңгейін шектеуді талап етті және келешектегі либералды реформалардан бас тартты. 1946 жылғы ақпан айында қабылданған жұмысбастылық жөніндегі заңынан саясаткерлердің едәуір бөлігінің неоконсерватизм позициясына өте бастағандығын көрсетті. Жұмысбастылықты толық жүзеге асыру жөніндегі либералдар идеясынан бас тартты. Сондай-ақ осы аталған заңда елдің экономикалық жағдайына мемлекет басшысының жауаптылығы мәлімделді, ал осы салада нақты ұсыныстар жасау үшін президент жанынан экономикалық кеңесші комитеті құрылды. Бұдан консерваторлардың келешекте либералды әлеуметтік реформаларды кеңейту және күшейту бағыттарына үзілді-кесілді қарсы шыққандарын көруге болдады.

      Трумэн әкімшілігі милитаризация саясатына көп көңіл бөлді. 1947 жылы АҚШ-тың ішкі және сыртқы қауіпсіздігіне байланысты мәселелер бойынша президент ұсыныс шығаратын жоғары жиналыс органы ретінде Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің құрылуы туралы акт қабылданды. Ұлттық әскери басқармасы, қорғаныс министрлігі қайта құрылды.

      1947–1948 жылдарда жұмыссыздар саны 2,3 млн-ға жетті. Еңбекшілердің өмір сүру деңгейіне де өзіндік ықпал етті: зауыттар көбейді, бағалар көтерілді, пәтерлік төлемақы қымбаттады, ал жұмысшылардың жалақысы төмендеді.

      АҚШ-та ереуілдік көтерілістер 1945 жылдың өзінде басталған еді. 1946 жылы ереуілге болат өндірушілер, электр өнеркәсібінің жұмысшылары, теміржолшылар және тағы басқа жұмысшылар шықты.

      Үкіметтік органдар жұмысшылар мен кәсіпкерлердің арасындағы шиеленістерге жиі араласты, дегенмен, шын мәнінде, олар кәсіпкерлердің мүддесін жақтады. 1946 жылы теміржолшылар ереуілге шыққанда, Трумэн оларды федералды әскерді шақырумен қорқытқан болатын.

      Ал 1947 жылдың маусым айында президенттік ветоны конгресс басым көпшілік дауыспен жойып, Тафта-Хартли заңын қабылдайды. Жаңа заң кәсіподақ қызметін шектеді, жұмысшылардың ереуіл өткізуіне, мемлекет қызметшілеріне ереуілдерге шығуға тыйым салды, жұмысшылар өздерінің ереуілдері жөнінде 60 күн бұрын алдын ала ескертуге міндетті болды, кәсіподақ жұмысына мемлекеттің қатаң бақылауы орнатылды.

      1948 жылы сайлау компанияларының жұмысы барысында АҚШ-та республикалық партия президент