Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы. Гүлжан Беделова

Читать онлайн.



Скачать книгу

толық жоққа шығарып, XIII ғасырдың көшірмесі деген. Қазіргі кезде Поло кітабының 119 нұсқасы табылған (әртүрлі үзінділерді санамағанда).

      Марко кітабы жарық көргеннен кейін көп ұзамай Флоренцияның тарихшысы Джовани Виллани (шамамен 1275-1348 ж.) сілтеме жасайды. Татарларды суреттей отырып Веллани: «Ал кім олардың істері жөнінде тиянақты білгісі келсе, папа Климент V қолдауымен жазылған Армениядағы Колкостың билеушісі Айтон Хайтон кітабын қарасын, сонымен қатар мессер Марко Поло жазған, «Мильоне» деген атпен белгілі кітапты қарауға болады: ол, олардың құдыреті мен билігі жөнінде көп айтады, өйткені олардың арасында көп уақыт өмір сүрген. Енді біз татарларды қойып, өзіміздің мәселемізге көңіл бөлейік – Флоренция істеріне», – деп жазады. Батыста Kітап басылуды ойлап шығарудан бұрын Марко Поло мәліметтері, оқушыларды қызықтырған, оған Марко кітабының фрагменттері, XV ғасырда бірқатар елдерде табылуы дәлел бола алады.

      1814 жылы герцог Девонширский, Уотерфорд графтығында, өзінің ирландық Лисмор замогын жөндеуге бұйрық береді. Оның ішінде жұмысшылар, кірпіштен қаланған есікті табады. Есікті ашып, арғы жағынан, ішінде көне епископтық посох және қандай да бір қолжазба сақталған жәшікті тауып алады. Бұл, қазіргі атақты, өзінің табылған жеріне байланысты «Лисморлық кітап» деген атпен белгілі, кітап 1839 жылға дейін зерттелмеген. Оны ирландық зерттеуші Юджин О Карри қарап шыққаннан кейін, әртүрлі аңыздар мен Ұлы Карл жөніндегі әңгімелердің ішінде, Марко Поло кітабынан үзінділердің бар екендігі анықталды, барлығы он беттен астам, ол гэль тілінде жазылған. Полоның кітабы, шамамен, 1460 жылы, Фингин Мак-Карти Ригаға, лорд Кэрбериға және оның әйелі Кетрин, қызы Томасаға, Десмондтың сегізінші графына арналып аударылған болу керек.

      Марко Поло «Кітабының» орыс тіліндегі аудармаларына келетін болсақ, ең алғашқысы А.Н. Шемякин редакциясымен 1861-1862 жылдар аралығында Мәскеу университетінде басылып, бір жылдан кейін, «XIII ғасырдағы венециандық саяхатшы Марко Поло» деген атпен жарыққа шыққан.

      Екінші орыс тіліндегі аударма Петербургтық журналдың № 1-4 сандарында басылып шыққан (бұл басылымда тіпті сілтеме де болмаған). Кейін бұл аударма жеке басылып болып, «Миллионер» деп аталған 3 бөлім (Спб., 1877). В.В. Бартольд ойынша бұл басылымның ғылыми дәрежесі өте төмен. Орыс пікір жазушыларының ішінен Юл жөнінде Н.В. Ханыков айтып кетеді. Н.В. Ханыков Юлдың жасаған мәтініне қарсы шыққан. Н.В. Ханыковты И.П. Минаев қолдайды. И.П. Минаев аудармасының негізін Рустичано мәтіні құраған және оған Потье мен Рамузио мәтіндерінен үзінділер қосылған. Сонымен қатар бұл мәселеге байланысты тағы да бірқатар көлемді еңбектер бар.

      Ең алғашқы ғылыми аударма профессор Иван Павлович Минаевпен жасалған. Ол – шығыстанушы, ірі медиевист-индолог, ортағасырлық Орта Азия мен Үндістанның тарихын жазған, сонымен қатар Афанасий Никитиннің «Хожения за три моря» атты кітабына пікір жазған. «Марко Полоның саяхаты» атты кітаптың аудармасымен И.П. Минаев өмірінің соңғы жылдарында жұмыс істейді.