Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы. Гүлжан Беделова

Читать онлайн.



Скачать книгу

салық жинап отырады. Тэмур өте сақ, ақылды билеуші болды, бірақ көпке бармай 1307 жылы ауырып қайтыс болады.

      Келесі таққа атақты жауынгер, Тэмурдің немере інісі Хайшань отырады. Ол бейбіт, буддизм мен конфуциандыққа қамқор еткен билуші болады. Хайшань өлімінен кейін 1311 жылы таққа оның саясатын жалғастырған інісі Баянту келеді. Ол 1320 жылға дейін ғана патшалық етеді. Одан кейінгі императорлар Судхибала (1320-1323), Есун Тэмур (1323-1328), Асицзиба, Кушала (1328) және Тог Тэмур (1328-1332) – олар моңғол министрлері және буддалық ламалар ықпал етіп отырған жас балалар немесе бозбалалар болды.

      1338 жылы Тоган Тэмур таққа отырған кезде, моңғол әскерлерінің жағдайы әлсіреп қалған болатын, Қытайдан тыс Юань империясының билігі шектеулі болды. Онымен бірге шаруалар көтерілісі де дайындалып жатты.

      Министр Баян, барлық шенеуніктер мен жоғарғы сот моңғол немесе «сэмужэнь» болу керектігі жөнінде, ал қытайлықтардың моңғол және араб жазуларын оқуына тиым салу туралы бұйрық шығарып, билікті нығайтуға тырысты. Оның немере інісі Тохтының талабымен Баян қызметінен алынады да, Тохты конфуцияндықты, қызмет орындарына тағайындалу үшін тапсыратын емтихан жүйесін жаңғыртып, қытай мәдениетіне қамқорлық жасап, барлық қоғамдық істерге қатысады.

      Империяның бұл кезде жағдайы көтерілістерге толы болды, ең елеулі көтерілісті бастаған шаруалар көсемі Чжу Юаньчжан болып шықты. Осы арада Тохты да уландырып өлтіріледі. Чжу Юаньчжан қытайдың оңтүстігіндегі провинцияларын бірінен соң бірін жаулап алып, 1367 жылы Интян (қазіргі Нанкин) қаласында әкімшілігін орнатады да өзін У патшасы деп жариялайды. Чжу Юаньчжан солтүстіктегі Даду жазықтығына жеткен кезде Тоган Тэмур империядан қашуды ұйғарады. 1370 жылы Джехолда ол өмірін аяқтайды. Чжу Юаньчжан жаңа династияны Мин династиясы деп жариялап, өзі Хун У деген атты алады.

      Осылай моңғолдардың Қытайдағы үстемдігі аяқталады. Көтеріліс тек моңғол шенеуніктеріне және жоғарғы моңғол қызметіндегі қытайлықтарға қарсы бағытталған болды, қалған ұсақ қызметтегі моңғолдар, сэмужэньдер қызметтерін жалғастыра берді және бірнеше ғасырлар өте толық қытайланып кетті.

      Ал, енді Үндістанның саяси құрылымына келер болсақ, ол солтүстік және оңтүстік аймақтарында да тұрақсыздықпен ерекшеленді. Бұл тұрақсыздық мемлекет пен билік басына келген әулеттердің қысқа билік мерзімі мен әлсіздігінен көрінді. Ал, мұндай жағдай феодалдық бытыраңқылықтың айқын көрінісі болды деуге болады. Орта ғасырлардағы Үнді қоғамының құрылымы, ежелгі үнділік қасталық жүйеден қатты ерекшеленген жоқ.

      Үндістанның саяси тұрақсыздығы, көптеген жаулап алушыларды өзіне тартты. V-VI ғасырларда солтүстік-батыс Үндістанға бірнеше дүркін ғұндар мен гурджар көшпелі және жартылай көшпелі тайпалары келе бастады. Бұл тайпалар жаңа жерге қоныстанып, ассимиляцияға ұшырап, тіпті, өздерінің мемлекеттерін құрды. VII–VIII ғасырларда Үндістан арабтардың шабуылына ұшырайды, бірақ раджпуттық княздер оларға тойтарыс көрсете алады. X-XI ғасырларда Үндістан