Kazakhcontent

Все книги издательства Kazakhcontent


    Миғражнама оқиғасы

    Әділбек Нәби

    Бұл кітаптағы аңыздар Отбасы хрестоматиясы сериясымен шыққан «Сияр Шәріп» кітабынан ықшамдалып алынды. Кітапта XIX ғасырда өмір сүрген қазақ ақыны Шәді Жәңгірұлының «Назым Сияр Шәріп» кітабынан алынған аңыздар берілген. Кітап Әзіреті Мұхамбет пайғамбардың өмірі мен хикметіне қызығатын оқырманға арналады.

    Балалар үшін

    Лев Толстой

    Кітапқа орыс жазушысы Лев Толстойдың «Балалар әңгімесі», «Пилипок», «Булка», «Балапан» және «Мысал әңгімелері» еніп отыр. Шығармалардың дені бүлдіршіндердің танымына, ойлау қабілетіне ыңғайлы етіп жазылған. Кітаптың тілі шұрайлы, жатық. Бұл әңгімелер алғаш 1925-1937 жылдары қазақ тіліне аударылып, жарияланған екен. Біз сол нұсқаларды қайта өңдеп, ұсынып отырмыз. Кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.

    Бастилия тұтқыны

    Чарльз Диккенс

    Кітапқа ағылшын жазушысы Чарльз Диккенстің «Бастилия тұтқыны», «Кішкентай Тим», «Қара шегіртке», «Жиһанкез», «Сүйкімді Нел», «Қоңыраулы мұнара» атты шығармалары енген. Онда адамның рухани қабатынан шығатын мейірім, махаббат, адалдық сияқты қасиеттер бас насихатталады. Бұл әңгімелер алғаш 1936-38 жылдары қазақ тіліне аударылып, жарияланған екен. Біз сол нұсқаларды қайта өңдеп, ұсынып отырмыз. Кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.

    Сурат кофеханасы

    Лев Толстой

    Бұл кітапта орыс жазушысы Лев Толстойдың бірнеше шығармалары қазақша аударылып берілген. Шығармалардың дені экзистенция, логотерапия принциптерімен жинақталды. Әрі балалардың тіліне лайықталып, оқуға ыңғайлы етіп ықшамдалған. Кітап экзистенциялық бағыттағы әдебиеттерге қызығатын оқырманға арналады.

    Доктар Айболит

    Корней Чуковский

    Кітапта орыс жазушысы Корней Чуковскийдің «Доктор Айболит» деген еңбегі балалардың тіліне ыңғайланып, ықшамдалып берілген. Мұнда Доктор Айболиттің басынан кешкен қызықты оқиғалары бейнеленеді. Бұл кітап алғаш рет 1938 жылы жарық көрген. Соны қайта өңдеп, ұсынып отырмыз. Бұл кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.

    Жырық құлақ

    Эрнест Сетон-Томпсон

    Кітапқа канада жазушысы Сетон Томпсонның «Жырық құлақ» деген шығармасы енген. Жазушы балаларға жануарлар әлемін, олардың ішкі жан дүниесін түсіндіру үшін бұл әңгімеге кейіпкер етіп қояндарды алады. Олардың өмірі, тіршілігі, махаббаты жайлы тұщымды ақпарат береді. Бұл әңгіме 1937 жылы тұңғыш рет қазақ тіліне аударылыпты. Біз сол нұсқаны қайта өңдеп, ұсынып отырмыз. Бұл кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.

    Асыранды аққу

    Дмитрий Мамин-Сибиряк

    Кітапқа орыс жазушысы Дмитрий Мамин-Сибиряктың «Асыранды аққу», «Емеля аңшы», «Кім жыртқыш?», «Сұр мойын» атты шығармалары енген. Онда адам мен жабайы табиғат, жануарлар, құстар арасындағы байланыс әңгімеленеді. Бұл әңгімелер алғаш 1927-1936 жылдары қазақ тіліне аударылып, жарияланған. Біз сол нұсқаларды қайта өңдеп, ұсынып отырмыз. Бұл кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.

    Бөдене. Бирүк. Шалғын

    Иван Тургенев

    Кітапқа орыс жазушысы И.Тургеневтің «Бөдене», «Бирүк», «Шалғын» атты шығармалары енген. Онда адам мен табиғат арасындағы шынайы қатынас суреттеледі. Бұл әңгімелер алғаш 1936-1938 жылдары қазақ тіліне аударылып, жарияланған екен. Біз сол нұсқаларды қайта өңдеп, ұсынып отырмыз. Кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.

    Гулливер лиллипуттар елінде

    Джонатан Свифт

    Кітапта ағылшын жазушысы Ж.Свифттің «Гулливер лилипуттар елінде» атты еңбегі балалардың тіліне ыңғайланып, ықшамдалып берілген. Мұнда Гулиивердің басынан кешкен қызықты оқиғасы бейнеленеді. Бұл кітап алғаш рет 1937 жылы жарық көрген. Соны қайта өңдеп, ұсынып отырмыз. Бұл кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.

    Мүнхаузеннің басынан кешкен хикаясы

    Рудольф Эрих Распе

    XVIII ғасырда неміс жерінде барон Мүнхаузен деген әпенді өмір сүреді. Соның басынан кешкен күлдіргі әңгімелерін неміс жазушысы Эрих Распе жинақтап, кітап етіп жазған. Кейін бұл Еуропадағы өте атақты кітапқа айналған. 1935 жылы тұңғыш рет қазақ тіліне аударылған. Соны қайта өңдеп ұсынып отырмыз. Бұл кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.