Kazakhcontent

Все книги издательства Kazakhcontent


    Әділ патша

    Санжар Керімбай

    Бұл кітапқа бірнеше қазақ ертегілері енген. Ертегілер бойынша арнайы суреттер салынған.

    Муму

    Иван Тургенев

    Кітапқа орыс жазушысы И.С. Тургеневтің «Муму», «Ер торғай», «Торғай» атты шығармалары енген. Онда адам мен табиғат арасындағы шынайы қатынас суреттеледі. Бұл әңгімелер алғаш 1925-1934 жылдары қазақ тіліне аударылып, жарияланған екен. Біз сол нұсқаларды қайта өңдеп, ұсынып отырмыз. Кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.

    Өркениетті адам

    Санжар Керімбай

    Кітапта автордың түрлі ситуациядағы оқиғалары мен сұхбаттары берілген. Кітапты оқып отырып Қазақстандағы надандық факторы, оның себебі мен салдарына үңіле аласыз. Кітаптағы оқиғалар экзистенция анализі бойынша талданған. Кітап логотерапия ғылымына қызығатын оқырмандарға арналған.

    Мың сұрақ

    Санжар Керімбай

    Бұл кітап ертегі және аңыз жанрында құрастырылған. Мәлике деген Ұрым патшасы мың сұрақ қояды. Оған Әбілда есімді оқымысты жауап береді. Мың сұрақта аңыз, қисса, тәлім-тәрбие, шешендік сөздер, экзистенциялық ойлар қамтылған. Кітап этнопедагогика ғылымына қызығатын мектеп оқушыларына, студенттерге және ізденуші ғылымдарға арналады.

    Яссауи феномені

    Санжар Керімбай

    Кітапта Қожа Ахмет Яссауи жайлы тың қисса-аңыздар енгізілген. Хикметтері экзистенциялық формада жаңаша талданады. Ислам мен түркі мәдениетінің өзара синтезге түсіп, Түркі-Ислам өркениетінің қалыптасу жолдары баяндалады. Яссауи ілімі мен дүниетанымы жайлы толғанады. Тәуелсіз Қазақстанның 26 жылдағы әлеуметтік-рухани саласына экзистенциялық талдау жасалады. Кітап Яссауи дүниетанымына қызығушы оқырмандарға, ізденушілерге, зерттеушілерге арналады.

    Сияр Шәріп

    Санжар Керімбай

    Бұл кітапта Мұхамбет пайғамбардың қиссалары қазақ дүниетанымы бойынша баяндалған. Сонымен қатар пайғамбарға салауат айту хикаялары, жыраулардың пайғамбарға арнаулары, әулие-ғұламалардың пайғамбар туралы тебіреністері берілген. Кітапта фольклорлық жанрдан бөлек Батыстың академиялық зерттеу тәсілімен жазылған Мұхамбет пайғамбар мен Батыс әлеміндегі оған деген көзқарас жайлы аударма еңбек те орын алған. Кітап Ислам құндылықтары мен Мұхамбет пайғамбардың өмір тарихына қызығатын барлық оқырман қауымға, ізденушілерге, зерттеушілерге арналған.

    Қисса сүл-әнбия

    Санжар Керімбай

    Кітапқа XIII ғасырда өмір сүрген Рабғузидің аңыз-қиссалары енгізілгенн. Бұл кітап бұған дейін «Мәдени мұра» аясында «Әдеби жәдігерлер» деген сериямен жарық көрген. Одан соң «Сырдария кітапханасы» сериясымен тағы бер рет шыққан. «Қазыналы Оңтүстік» сериясымен де оқырманға жол тартты. 2001 жылы жазушы Роза Мұқанова әдеби көркемдеп тағы бір нұсқасын шығарған еді. Осы қиссаларды толықтырып, өңдеп, философиялық және психологиялық талдау жасап, ұсынып отырмыз. Кітап фольклорлық шығарма ретінде әдебиетшілерге, ізденушілерге, мұғалімдерге, ата-аналарға ұсынылады.

    Өмірге ғашық болу

    Санжар Керімбай

    Кітапта Санжар Керімбайдың логотерапия идеясында жазылған мақалалары жинақталған. Автор логотерапия ғылымындағы ауыр түсінік пен терминді қазақы формада тілге жеңіл етіп, қарапайым әңгіме жанрында түсіндірген. Франкл, Юнг сияқты психологтардың идеясын, негізгі ойын қарапайым түсінікте баяндайды. Кітап логотерапия ғылымына қызығатын оқырмандарға арналған.

    Салт-дәстүр сөйлейді

    Санжар Керімбай

    Бұл кітап этнопедагогика негізінде құрастырылған. Мұнда қазақтың салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдарының шығуына себеп болған аңыздар мен қисса-дастандар жинақталды. Сонымен қатар отбасы хрестоматиясы, этнопедагогика ғылымына қызығатын мектеп оқушыларына, студенттерге және ізденуші ғалымдарға арнап жазылған.

    Логотерапия немесе өмірге құштарлық

    Санжар Керімбай

    Кітап өмірден мән іздеп, тіршіліктің түпкі себептеріне үңілген қарапайым оқырманға арналған. Сонымен қатар суицидпен күресуші кез келген қоғамдық тұлғаға және медицина, психология, философия, дінтану, мәдениеттану, педагогика мамандығында оқитын студенттерге факультативті құрал ретінде ұсынылады. Кітапта психоаналитик, философ, логотерапевт, Виктор Франклдың экзистенция анализі және логотерапия туралы жазған бірнеше еңбектерінің аудармасы жинақталған. Одан бөлек басқа да ғалымдардың логотерапия жайлы жазған мақалалары енгізілді. Кітапта логотерапия принциптері қазақтың дәстүрлі дүниетанымымен салыстырыла отырып жазылған. Яссауи, Абай, Шәкәрім сынды қазақ ғұламаларының еңбектері аналогия ретінде берілген. Шығыс шайырлары мен көшпенді халықтың аңыз-қиссалары молынан енгізілді.