Әділбек Нәби

Список книг автора Әділбек Нәби



    Отбасындағы 30 сабақ

    Әділбек Нәби

    Бұл кітаптың ішінде балалардың таным-түсінігіне арналған ертегілер, шешендік сөздер, қара есептер, мысал өлеңдер, әңгімелер, тарихи аңыздар енген. Кітапты ата-ана мен бала бірге оқуы керек. Себебі кітаптың ішіндегі тапсырмалар ата-ана мен балаға ортақ. Кітап ата-анаға, балаларға, мұғалімдерге педагогикалық материал ретінде ұсынылады.

    Кітап оқымайтын қыз

    Әділбек Нәби

    Бұл кітаптың идеясына ұқсас сюжеттер ағылшын, испан, түрік, парсы тілдерінде жарық көрген. Біз мұның қазақша нұсқасын жасап отырмыз. Яғни кітаптың кейіпкерлері мен мазмұны қазақы танымда баяндалған. Мұндағы мақсатымыз – кішкентай балаларды өз ұғымына, танымына жақын оқиғалармен қызықтырып, кітап оқуға баулу. Кітап бастауыш сыныпта оқитын балаларға арналады.

    Сандыбадтың жеті саяхаты

    Әділбек Нәби

    Бұл кітапта Сандыбад атты жиһанкездің басынан өткен қызықты оқиғасы берілген. Бұл оқиға – «Мың бір түн» ертегілер желісінен алынған. Ертегіні заманында Қалмақан Әбдіқадыров, Қайым Мұхамедханов сынды жазушылар аударған. Біз сол аудармаларды және орыс тіліндегі нұсқаларын жинақтап, редакциялап, мәтінді балалар тіліне лайықтап беріп отырмыз. Кітап қиял-ғажайып ертегіге қызығатын оқырманға арналады.

    Қабуснама

    Әділбек Нәби

    Кейқауыс деген патша 63 жасқа келгенде өзінің ұлы Ғиланшахқа арнап өсиетнама кітабын жазады. «Менің дүниедегі жиып-терген ең қымбат асыл қазынам – саған арнап жазған осы үгіт-насихат кітабым», – дейді. Кейін бұл кітапқа патшаның есімі тіркеліп Қабуснама деп аталады. Бұл кітап XI ғасырдан бастап Шығыс елдерінде өте кең таралады. Тіпті XX ғасырдың басына дейін өзекті дүниеге айналған. Бұл кітапты қазақ тіліне 1973 жылы Тұрсынәлі Айнабеков деген абыз ақсақал аударып, қазақша сөйлеткен. Сол кісінің еңбегін қайта басып отырмыз. Кітаптың мазмұны адамгершілік, әділдік, ар-ұят, махаббат, мейірім, жауапкершілік сияқты рухани феномендерді насихаттайды. Кітап Шығыс даналығы мен мұрасына қызығатын оқырманға арналады.

    Наурызнама

    Әділбек Нәби

    Бұл кітапта Шығыстың жеті жұлдызының бірі – Омар Хайямның «Наурызнама» атты рисаласы берілген. Мұнда Наурыз мерекесінің пайда болуы жайлы хикаялар, парсы жұртындағы наурыз ғұрыптары жайлы аңыздар ұсынылады. Одан бөлек Шығыстың бірнеше шырынды хикаялары да қамтылған. Кітаптың соңғы жағына Шығыстың тағы бір жұлдызы – Тирмизидің «Наурызнама», «Салнама» сияқты рисаласы аударылып ұсынылды. Сосын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Наурызнамасы» да жинақталып берілді. Кітап шығыс даналығына, хикметіне қызығатын оқырманға арналады.

    Әзірет Сұлтан аңыздары

    Әділбек Нәби

    Бұл кітаптағы аңыздар Отбасы хрестоматиясы сериясымен шыққан «Яссауи феномені» кітабынан ықшамдалып алынды. Кітапта Қожа Ахмет Яссауи мен оның шәкірттері жайлы аңыздар берілген. Кітап Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен хикметіне қызығатын оқырманға арналады.

    Миғражнама оқиғасы

    Әділбек Нәби

    Бұл кітаптағы аңыздар Отбасы хрестоматиясы сериясымен шыққан «Сияр Шәріп» кітабынан ықшамдалып алынды. Кітапта XIX ғасырда өмір сүрген қазақ ақыны Шәді Жәңгірұлының «Назым Сияр Шәріп» кітабынан алынған аңыздар берілген. Кітап Әзіреті Мұхамбет пайғамбардың өмірі мен хикметіне қызығатын оқырманға арналады.