БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ! 2 БӨЛІМ Өз тағдырыңды өзің жаз!. Нарша Булгакбаев

Читать онлайн.
Название БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ! 2 БӨЛІМ Өз тағдырыңды өзің жаз!
Автор произведения Нарша Булгакбаев
Жанр Философия
Серия
Издательство Философия
Год выпуска 2021
isbn



Скачать книгу

арттырғымыз келсе ше? Ендеше, біз қарсылықты азайтып (шындық пен ақиқатқа деген, өмір заңдылықтарына деген), қосымша кернеуге төтеп беретін жаңа сымдарды орнатуымыз керек.

      КҮШІҢІЗДІ ҚАЛАЙ АРТТЫРУҒА БОЛАДЫ

      Біздің алдыңғы мысалдағы өзеннің суы сияқты «Шексіз Күш-Қуат» – бұл үлкен көнуді қажет ететін терең мағыналы сөз. Сіздің Жоғары «Мен», ғаламның жоғарғы күшіне «қосылғаны» коммутаторды (электр тоғын жіберіп, тоқтатып тұратын құрылғы) бұрап, оны пайдалануға болатындығын білдірмейді. Сіз мұндай энергия ағынын жеңе алмайсыз. Сіз Құдайдан артық құдіретті емессіз. Бірақ Күш пен Мүмкіндіктерді біртіндеп арттыру үшін алдымен жасампаз əмбебап ақылмен (Құдаймен) кездесуге дайындалу керек. Бұл үшін қажетті жоғары деңгейді сезіну, сосын қалыптастыру, одан кейін осы күшпен байланыстыру керек. Бұның нақты әрекеті алдағы тарауларда айтылатын болады.

      Əр қадаммен сіз ғаламның жоғары күшін көбірек сезінесіз жəне шығармашылық қабілеттеріңізді кеңейтесіз. Біз сіздермен жасампаз жаратылыстармыз жəне біздің əлеуетіміз шексіз. Шектеулерді шешу үшін біз бейсанадағы жазылған ақпараттарды, қалыптасқан сенім мен түсінікті ақылмен сұрыптау, іріктеу яғни сортировка жасауымыз керек.

      Біз үнемі бір нəрсе жасаймыз, бірақ оны не үшін жасап жатқанымызды көбінесе түсінбейміз. Өзіңіздің шынайы «Мен» -ді жəне ішкі күшті дамыту жолын білу, бізге біртіндеп ойлану процесін бейсанадан ақылға айналдыруға көмектеседі. Бұл біздің жаратылыс деңгейімізге (болмысқа) оралуға себеп болады. Себебі біз дүниеге ең бірінші болу үшін келдік.

      Ерікті жасампаздықтың бейсанадан (еріксіз) айырмашылығы, бізге таңдау жасауға мүмкіндік береді. Бейсананың көбінесе таңдауы жоқ, қалай қалыптасты, солай кетті. Еліктеушілік, Тəуелділік пен Құлдық сана арқылы қалыптасса, ол солай қалыптасып кетті деген сөз. Бірақ өзгертуге болады. Біз адамның өз тағдырын таңдайтыны туралы жиі айтамыз жəне естиміз, бірақ іс жүзінде бұл дұрыс емес. Тағдыр Құдайдан емес, өзінен емес, ортадан пайда болады, себебі ол бейсаналы түрде еріксіз қалыптасқан.

      Кез-келген адам саналы түрде үйлесімсіз қатынастарды, қаржылық проблемаларды немесе өмірдің басқа да қолайсыз жағдайларын таңдауы екіталай. Көп жағдайда біз қалыптасқан режимде əрекет етеміз, өткен тəжірибеге сүйене отырып, түсінік мен сенім жүйесі арқылы бейсанаға (ішкі дауысқа) сенеміз. Бейсана бәрін жасай алады, бірақ ол сонымен қатар сізге зияндық тигізе де алады. Ол адамды зомби (гипноздалған), эгоист (өзін ғана ойлайтын), хайуаннан еш айырмашылығы жоқ, жаман әдеттің құрбаны қыла алады. Сізді күйзеліс пен неврозға шалдықтыра алады. Теріс, жағымсыз, негативті реакция мен рефлекс қалыптастыра ала алады. Бұған анти әрекет жасауға сіз міндеттісіз.

      Ол үшін ақылды іске қосу, ойлану, таңдау жағдайына жету, саналы көзқарасты білдіреді. Егер адам бейсанасына сеніп, еріксіз түрде өмір сүрсе, ол саналы, ерікті шешім қабылдай алмайды, ол автопилотта əрекет етеді. Сіз осылай өсіп, дамып келдіңіз! Автопилотта