БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ! 2 БӨЛІМ Өз тағдырыңды өзің жаз!. Нарша Булгакбаев

Читать онлайн.
Название БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ! 2 БӨЛІМ Өз тағдырыңды өзің жаз!
Автор произведения Нарша Булгакбаев
Жанр Философия
Серия
Издательство Философия
Год выпуска 2021
isbn



Скачать книгу

ескере отырып, сіз өз дұға-тілектеріңізді жүзеге асыру үшін сырттан көмек күтесіз. Өзіңіздің ақыл-ойыңыздың күшімен, дұрыс, яғни байсалды жəне объективті (әділ) ойлаудың көмегімен қалаған нəрсені жасай алатындығыңызды біле отырып, сіз өзіңізге қажет нəрсені бере алатындығыңызды, қалаған нəрсеге жете алатындығыңызды, түсінесіз.

      Өзінің ақылына өзі сенбейтін адам көп, сондықтан олар жұттан қалмау үшін ақыл іздейді, себебі өмірі сапасыз. Ал бейсана құлақпен тыңдайтын ақпаратты қабылдамайды, себебі ол дайын ақпарат. Ал кітап оқу бейсананы терең қозғайды, себебі ол ойландырады. Есіңізде болсын: ақыл – себеп, бейсана – салдары. Сонда «Менікі дұрыс» деп айтсаңыз болады.

      ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІҢІЗГЕ СЕНІҢІЗ

      Қалаған нəрсені жасау үшін, қалаған нəрсеге жету үшін əрқайсымызға берілген «Шексіз Күш-Қуатқа» (Құдайға) сеніңіз. Сіздің қарсылықтарыңызды естіп тұрмын: «Миллиондаған адамдар аштыққа ұшырады. Əлем аурулардан, соғыстардан жəне қылмыстардан жылап жатыр. Соған қарамастан, маған сенуге болатын қандай күш, не Құдай ол? Егер ол шынымен бар болса, неге мұның бəріне жол береді?». Бәлкім бұның барлығы «адамның өзінен шығар» деп ойлап көрдіңіз бе?

      Жалпы алғанда өмірде екі қалау болады: Құдайдың қалауы, адамның қалауы. Берген (жақсылық пен жамандықты) Құдай, қылған Құдай емес. Құдай сауапты және күнәлі амалдарды жаратты, бірақ жасаған Құдай емес. Құдайдың қалауы сынау, адамның қалауы таңдау.

      Шын мəнінде, «Шексіз Күш-Қуат» (Құдай) жақсылық пен жамандықтың пайда болуына жол беріп немесе жол бермейтін əділетсіз, арам емес. Біз оның әділ, бейтарап, алаламайтын, риясыз, тура және дұрыс екендігі туралы əңгімелестік. Егер де Құдай жамандыққа жол берсе, оның да өзіндік себептері бар.

      Бұл үлкен жасампаз күш, өмірдің объективті (әділ) күші. Оның көмегімен бізге барлық жағдайды жасауға мүмкіндік берілген. Біз бейсаналық түрде əрекет етсек те, ол біздің қателіктерімізден сабақ алғанға дейін бізді қолдайды. Нəтиже (салдары) əрқашан себепке тең болады. «Шексіз Күш-Қуат» (Құдай) біздің таңдауымызға қарамастан, құлдырау немесе өркендеу болсын, бізді əрдайым қолдайды. Кез келген жағдайда түпкі (негізгі) себеп – біздің өз ойларымыз бен ниетіміз. Құдайдың басты сипаты Махаббат болса, одан кейінгісі Шығармашылық. Сондықтан шығармашылық қабілеттеріңізге сеніңіз!

      КҮШ-ҚУАТТЫ БАСҚАРАТЫН ОЙ

      Біз ойлар шындыққа, арам болса да, өтірік болса да, айналады деп айттық. Басқаша айтқанда, адамға ойлағаны беріледі, ол қалағаны емес, дəл ойлағаны. Сондықтан ойдың күші, ниет (қалау) күшінен жоғары, себебі ниет (қалау) ойдан пайда болады. Осы ұғымдардың арасындағы айырмашылық қаншалықты үлкен екенін сезініңіз (қалау мен ой).

      Сіз бір нəрсе туралы ойлана қалсаңыз – бүкіл əлем (аспан) қозғалысқа енетінін ұмытпаңыз. Бұл сіздің ақылыңызда қандай да бір ой, қандай да бір идея пайда болғаннан кейін, сіздің өміріңізде оны жүзеге асыруға ықпал ететін адамдар немесе жағдайлар бірден пайда бола бастайды дегенді білдіреді.