Название | Дерт |
---|---|
Автор произведения | Бақыт Мәдімкызы |
Жанр | Здоровье |
Серия | |
Издательство | Здоровье |
Год выпуска | 0 |
isbn | 9785449026699 |
Бір жарым жылдан кейін Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында тұратын Камалай деген қайынсіңілісі қан қысымы көтеріліп, 34 жасында дүниеден озды. Артында жолдасы Батырхан және балалары – Эльмира, Аслан, Жазира қалды. Қайнағасы Балхаш аға жолдасы Света (балалары – Гүлмира, Ардақ, Әділет) бала-шағасымен және аналары Зағила апа кенже ұлы Құрметпен Жансүгір ауылында, қара шаңырақтың түтінін сөндірмей, ел қатарлы тұрып жатыр. Ортаншы қайнысы – Бекет, жолдасы Гүлмира (балалары – Сандуғаш, Әділ, Ануар) бала-шағасымен Ақсу ауылында тұрады. Қайынсіңілісі Гүлнәр (баласы – Рүстем) 94 жылдың күзінде, қызмет бабымен Африканың орталығында орналасқан Бужумбури Бурунди мемлекетіне, өзіндей дәрігерлермен бірге кетті. Дегенменде, ол батыр қыз, қайда жүрсе де аман болсын. Біз үшін Африка – ол Сахара, ол джунгли, яғни ит мұрнын кіргізе алмайтын ну орман және қаралар мекен еткен жақ. Қайынсіңілісі Гүлшат, жолдасы Мұрат (баласы – Илиас) отбасымен ауылда ел қатарлы тұрып жатыр. Кейін, Бақыт тәтенің қайынсіңілісі Гүлнәр мен күйеу баласы Телжанның өз ауыздарынан естігендерін осы жерде айта кеткім келеді. 1994 жылдың күз айында, француз тілінің бір жылдық курсын бітіргеннен кейін Африканың орталығында орналасқан Бужумбури-Бурунди мемлекетіне қызмет бабымен Гүлнәрдің жүруі керек болды. Кезінде Орталық Африка мемлекеттері Фрация мемлекетінің отаршылығында болған (отар – империалистік мемлекет басып алған, езіліп, қаналып отырған ел), сондықтан ол ел негізінен француз тілінде сөйлеген. Бірге баратын дәрігерлер бірнеше ай бұрын Африкаға кетіп қалған. Ал Гүлнәрдің олардан қалып қалған себебі, осы жылдың мамыр айының он