Индуизм. Дарига Кокеева

Читать онлайн.
Название Индуизм
Автор произведения Дарига Кокеева
Жанр Прочая образовательная литература
Серия
Издательство Прочая образовательная литература
Год выпуска 2016
isbn 978-601-04-2518-7



Скачать книгу

адам баласын осы күйзелістен азат етуді ойлайды. Осы күйзелістен арылту мақсатымен де Вишну Будда кейпіне келген болатын [58, 96 б.]. Будда барлық қиындықтан азат болу үшін ішкі дүниеден орын алу керектігін уағыздады. Қазір Будда уағызы бүкіл үнді даласында және кейбір Азия елдерінде кең қанат жаю үстінде.

      10. Вишнудың оныншы амал-әрекеті – Калька кейпінде келуі.

      Калька барлық адамзаттың рухани болмысы құлдыраған кезде реттеуге келеді деп түсіндіріледі. Бұл рухани тоқырау уақытында тек адал жандар ғана қайта өмір сүре алады. Қайтадан жаңа дәуір сатяуауи басталады [59, 47 б.].

      Жоғарыда айтылған Вишну құдайының барлық кейпі белгілі бір себептермен түсіп отырған деседі. Түйіндейтін болсақ, Вишну құдайының алғашқы Матсуа балығының кейпіне түсіп, Вайвасатты және оған ерген жақындары мен тірі мақлұқтарды құтқарып қалуы мұнда Нұқ пайғамбарды өзімен қоса иман келтіргендермен ауыр апаттан аман алып қалуымен сай келсе, Кришна, Будда кейпінде келуі Жаратушының әмірін жаһил қауымға жеткізуге, тура жолды көрсетуге жіберілген елшілер іспетті. Соңғы кейпі Калька бейнесінде келуі дедік, ол Иса Мәсіх бұ дүние астан кестен болар заматта, яғни Қиямет күні келетіндігімен үндестіріліп отырған сыңайлы. Үнді дінін ұстанушылар Вишну адам кейпінде қиямет күні жер бетіне түсіп, күнәһарларды тазалап, әділдерді қошеметтеу уақыты адамзат үшін «алтын ғасыр» деп аталады. Вишнудың жер бетіне Калька бейнесіне түсуін Еуропаға еліктеуші дінді бұрмалаушылар шоқынушылардың түсінігіндегі Христ үнді дүниетанымындағы Кришнаизм мен Христиан дінінің ұқсасықтары бар болуы мүмкін деген тұжырымдарды айтады [60, 332 б.].

      Вишнудың алғашқы төрт кейпі туралы Макдонелл Ригведаға сүйене отырып, Вишну әртүрлі формада кейіпке түсу қабілетіне ие екендігін айтады. Хопкинс Вишнудың кейпі он болғанымен де пуран мәтіндерінде 22 кейпі аталатындығын тілге тиек етеді [61, 112 б.].

      Үнді құдайлар пантеонының ішінде арийлер қабылдаған құдайдың бірі – Шива. Алғашқы «Үштік» құдайлардың бірі ретінде бұл бейне көптеген ғалымдарды ізденіс үстіне қоюда. Оны Махеш немесе Махадева (ұлы құдай) деп те атайды. Шива түрлі тәсіл, ерекшеліктерімен төмендегідей суреттеледі:

      – оның орны (жолбарыс терісін жамылған);

      – иықтары мен мойнында оралған жыландар;

      – ұйысқан шаштары;

      – шашына шаншыған ұзынша таяғы;

      – басынын төмен құйылатын Ганга өзені;

      – трайдент (оның билігінің символы);

      – қасиетті өгіз;

      – шар;

      Бұлардан басқа Шиваның бір ерекшелігі оның ұшқыр үшінші көзі. Махабхаратада Шиваның жол көрсететін үшінші көзі жайында екі көзқарас баян етіледі: Жары – Парвати Шива артынан жүріп, оның көзін таңғанда, сол сәтте әлемді қараңғылық басып, барлық тіршілікке қауіп төнеді. Сол кезде Шива үшінші көз жаратып әлемге жарық сыйлады; екінші көзқарас бойынша, оның үш көзі күн, ай және отты бейнелеп тұрады екен [62, 110 б.].

      Шри Шива Татвада бұл көз былай суреттеледі: оның ұшқыр көзі жалын шашып тұрады. Бұл