Название | Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген. Оқу құралы |
---|---|
Автор произведения | Н. Торманов |
Жанр | Зарубежная образовательная литература |
Серия | |
Издательство | Зарубежная образовательная литература |
Год выпуска | 2015 |
isbn | 978-601-04-1734-2 |
1-3 құйымшақ (Со1-СоІІІ)
Жұлынның өне бойында екі жерден қалыңдайды немесе жуандайды, біреуі мойын бөлігінде, екіншісі белдемеде. Осы жерде басқа бөліктеріне қарағанда нейрондардың саны өте көп.
Еттің созылу рефлексі. Егер еттің сіңіріне механикалық соққымен әсер етсе, еттер (созылып) жиырылып қозғалысқа келеді. Мысалы, тізеде тобықтың сіңіріне жайлап соқса, балтыр еті жиырылып, сол аяғымыз қозғалысқа түседі. Бұл жердегі рефлекс доғасы мынадай жолмен жүреді.
1) Төрт басты ет рецепторы → жұлын түйіні → артқы түбіршек → ІІІ бел сегментінің артқы өсіндісі → сол сегменттің алдыңғы өсіндісіндегі мотонейроны → төрт басты еттің талшығы. Ал осы рефлекстің тууы немесе жауап беру реакциясы, егер жазылғыш еттер жиырылған кезде бір уақытта бүгілгіш еттерде жиырылмаған жағдайда мүмкін болмас еді.
2) Тері рецепторының рефлекс тітіркендіргіштің күшіне және тітіркендірген рецептордың түріне, оның ең соңғы реакциясы бүгілгіш еттердің жиырылуы арқылы болады.
3) Вицеремоторлы рефлекс ішкі органдардың эфференттік нервтердің қозуынан пайда болады. Мысалы, көкірек клеткасы, құрсақ қабырға еттері және арқаның жазылғыш еттері.
Бас миы (encephalon) шығуына, құрылысына және атқаратын қызметіне байланысты екі үлкен бөлікке бөлуге болады:
Ми бағанасы және алдыңғы ми. Алдыңғы миға аралық ми және үлкен ми жатады.
Ми бағанасына жататындары: сопақша ми, артқы ми (көпір және мишық), ортаңғы ми. Филогенетикалық жағынан қарастыратын болсақ, ми бағанасы үлкен ми сыңарларына қарағанда ескілеу құрылым болып табылады. Осы ми бөлімінде жұлынға тән кейбір белгілерінің орны сақталған. Олар қандай?
Біріншіден – жұлынға тән сегменттері әлі сақталған. Оның дәлелі мидан шығатын нерв түбірлері (корешок) және бас миы, нерв ядролары белгілі бір ретпен орналасқан.
Екіншіден – жұлыннан басталатын қозғалғыш, вегетативтік және сезгіш нервтердің топографиялық дамуы да әрі қарай бағанада жалғасып жатыр.
Сопақша ми ұзындығы 25 мм жұлынның жалғасы. Жұлынға қарағанда сопақша мидың құрылымы күрделі, әсіресе ядроларының әр түрлілігі және құрылысында болады. Бұл жерде құрылысы қайталанып, метамерлі емес сұр зат ядро түрінде шет жақта орналасқан.
Оливье (зәйтүн) сол арқылы жұлынмен эксрапирамидалды жүйе және мишықпен байланысады. Оливье – жұқа сына тәрізді ядро немесе Голля, Бурдаха ядролары деп аталады.
Осы жерде төмен қарай және жоғары жүретін пирамидалық жолдардың қиылысқан, байланысқан жері, олар сына тәрізді шоқтардан (Голля және Бурдаха) реткулярлы формациялардан тұрады.
Сопақша ми өзінің ядро құрылымдары және ретулярлы торлары арқылы вегетивтік, соматикалық дәм сезу, есту, вестибулярлық рефлекстердің жүруін іске асыруға қатысады.
Сопақша ми ядроларының ерекшеліктерінің бірі ядроларында біртіндеп қозу процесінің нәтижесінде күрделі рефлекстің іске асуын қамтамасыз етеді. Әсіресе, асты жұту кезінде бірнеше ет біртіндеп, белгілі бір ретпен жұмыс істейді.