Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген. Оқу құралы. Н. Торманов

Читать онлайн.



Скачать книгу

Жұлын нейрондары;

      Е) Жеке аксон;

      Ж) Дендриттер;

      7. Шартты рефлекстерді сипаттайтын белгілер:

      А) Туа пайда болған, тұқым қуалайды;

      В) Жұлын деңгейінде жүзеге асады;

      С) Жүре пайда болған;

      Д) жеке тұрғыда, тұқым қуаламайды;

      Е) Ми бағаны деңгейінде жүзеге асады;

      Ж) Түрге байланысты емес;

      8. Орталық нерв жүйесіндегі процесстер:

      А) Суммация;

      В) Иррадиация;

      С) Реверберация;

      Д) Акселерация;

      Е) Конвекция;

      Ж) Редукция;

      9. Рефлекс доғасының компонентіне жатады:

      А) афференттік нейрон;

      В) нейроглия;

      С) рецепторлар;

      Д) эфферентті нейрондар;

      Е) глия;

      Ж) глиондар;

      З) астроциттер;

      И) олигодендроциттер;

      10. Сопақша мидың рефлекс орталықтары.

      А) жас шығару;

      В) бүгу;

      С) жөтелу;

      Д) кірпік қағу;

      Е) қасу;

      Ж) сүт бөлу;

      З) ішерлік;

      И) көру;

      6. АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР АҒЗАСЫНДАҒЫ БЕЗДЕР

56

      Экзокринді бездер немесе ішкі секреция бездері

      – сөл бөлетін арнайы өзектері бар және секреттерін (ферменттер мен басқа да биологиялық белсенді заттар) дене беткейіне немесе дене қуыстарына бөлетін бездер.

57

       Бездер қызметінің реттелуі жүйке жүйесі және кейбір гормондар арқылы жүзеге асырылады.

ІШКІ СЕКРЕЦИЯЛЫҚ (ЭНДОКРИНДІК) ЖҮЙЕСІ

      Ішкі секреция бездері (ІСБ) жайлы түсінікті ең алғаш қалыптастырған И.Мюллер (1830). 1849 жылы неміс физиологы Адольф Бертольд тарттырылған (кестірілген) қоразға басқа қораздың ата-лығын (семенник) отырғызғанда, ол бастапқы қасиетін қайта қа-лыптастырады. Сондықтан да тарихта осы күнді эндокринологияның дүниеге келген күні деп есептейді. 1889 жылы Браун – Секар өзіне тәжірибе жүргізгені жайлы мәлімдеме жасады. Жануарлардың ұрық клеткасынан сығып алған сұйықтың 72 жастағының ағзасына жастық шағындағы әсеріндей өзгеріске уақытша да болса әсер еткені байқалған (2-3 айға ғана). Осы фактілердің барлығы осы ғылым саласының тез дамуына үлкен ықпалын тигізген.

Гормондардың әсер ету типтері

      М.М.Балабокинаның (1989) жіктеуі бойынша гормондардың әсер етуінің мынадай варианттары бар:

      1) Гормондық әсері немесе тек өзіндік эндокриндік вариант өндіргіш клеткада пайда болған гормон қанға келіп, қанның ағысымен нысана мүшеге келіп немесе қашықтан келіп әсер етеді.

      2) Паракринді әсері – өзінің өндірілген жерінен клеткаға сыртқы кеңістігіне өтіп, сол жерден нысанаға клетка әсерін тигізу арқылы таралуы.

      3) Изокринді әсері – гормон өндіруші клетка мен нысана клетканың байланысы өте жақын.

      4) Нейрокринді әсері – медиаторлардың әсеріне ұқсас.

      5) Аутокринді әсері – клетка гормонды өзі түзеп, өзіне әсерін тигізеді, былайша айтқанда нысана → клетка → өндіруші.

Гормондардың химиялық табиғатына байланыстылығы

      3 топқа бөлінеді: а) белок пептидті, б) стероидты, в) амин қышқылдардың туындылары.

      Бірінші топтағы гормондар протейдтер