Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір. Коллектив авторов

Читать онлайн.



Скачать книгу

соңғы кездерде шығыстану мен түркологияның үлкен орталықтарының біріне айналуда. Оның жарқын айғағы 1984 жылы Алматыда Қазақстан шығыстанушылар қоғамының құрылуы – бізге жасалған үлкен үміт, зор сенім. Жаңа ғылыми бірлестіктің басшылары сайланды: Рамазан Сүлейменов (төраға), Алтай Аманжолов (төраға орынбасары), Әбсаттар Дербісәлі, Меруерт Әбусейітова (ғалым-хатшы). Міне, осыдан бастап Қазақстандағы шығыстану ғылымының жаңа кезеңі басталды. Ал 1985 жылдың күзінде ЮНЕСКО тарапынан ұйымдастырылған «Орталық Азиядағы мәдени-тарихи процестер» деген тақырыптағы халықаралық конференцияның Алматыда өтіп, оның қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың мерекесіне арналуының әлемдік мәні зор болды. Сонымен қатар 1990 жылдың жазында Алматыда өткен «Көне түркі руникалық ескерткіштері» тақырыбына арналған халықаралық конференция мақсатына жетті. Мұнда танымал түрік және қазақ ғалымдары алғаш рет емін-еркін кездесіп, маңызды мәселелер бойынша ашық пікір алысты. Бұл талпыныстар нәтижесінде, бір жағынан, еліміздегі ғалымдарға ерекше жауапкершілік артса, екінші жағынан, отандық ғылымның мәртебелі абыройы мен беделін көтерудегі орны ерекше еді. Дәлірек айтқанда, республикамыздағы түркітану зерттеулерін жаңа белеске көтеріп, бұл саладағы жаңа қадамдар жасауына сенім артып, оның нығая беруіне үміт көзімен қарау бәрімізді де жаңа ізденістерге ұмтылдыруда.

      Қазіргі ғалымға қойылатын талап, ең алдымен, соңына түскен ғылым саласын терең біліп, жан-тәнімен соған берілуі, оны мақтан тұтып, сол саланың абырой-ұжданы болған көрнекті ұстаз-ғалымдардың өмірі мен шығармашылық еңбек жолын жете меңгеріп, жақсысын өнеге тұтып, ойға тоқып, бойға сіңіру. Олардың ғылым жолына деген өршіл тілегіне жан-жақты зер салып, нағыз ғалымға тән қасиеттері мен зерттеушілік жолдарына үн қосып, оны ілгері жалғастырып, алға қарай ұзарту шарт.

      Ғалымға тән асыл қасиет оның шынайы мәдениетіне, интеллектісіне байланысты. Атап айтқанда, оның бойындағы жоғары идеялылық, нақтылы негізделген ғылыми көзқарас, адалдық, табандылық, Отанына берілгендік, шынайы интернационализм, азаматтық ерлік, еңбекқорлық, ізденімпаздық басты сипат болуға тиіс. Ғылымды өрге сүйреген нағыз ғалым – халқының бақыты, маңдайына біткен жұлдызы. Олай болса, дарындылар мен таланттарды тауып, қадір тұтып, оларды аялы алақанға салып, шоғырланған шор аяқтардың әрі тарт, бері тарт түрткісіне түсірмей, заманымыз туғызып отырған арайлы сәулені түсірсек, еңселі ертеңіміз жарқырай берері хақ. Әдетте, ғылымның нағыз қас жауы – надандық пен топастық. Мешеуліктің тепкілесе кетпес темір бағы қона қалған тоғышар қарақан басының қамы үшін айналасына жағымпаздарды жинап, солар арқылы дарынның өресін шырмауықтай шырмап, буып тастайды да, ақыры гүлін солдырып, жемісін қияды.

      Өмірдің дамуына бөгет жасайтын келеңсіз көріністермен батыл күресу – заман талабы деп түсінсек, оған үн қосу әрбір адал адамның адамгершілік парызына айналып отырғаны ақиқат. Олай болса, ғылымның