Название | Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ |
---|---|
Автор произведения | Коллектив авторов |
Жанр | Зарубежная образовательная литература |
Серия | |
Издательство | Зарубежная образовательная литература |
Год выпуска | 2013 |
isbn | 978-601-04-0165-5 |
Мен партияға өтуімді өмірімдегі өте үлкен оқиға деп санаймын. Соғыс басталғанына дәл бір жыл өткенде 1942 жылдың маусым айының 22-жұлдызында Гжатск (қазіргі Гагарин қаласы) маңындағы окопта оқтың ысқырығы және зеңбіректің дүрсілі астында полк комиссары маған және менің жолдастарыма пар- тия билеттерін тапсырды. Сол аласапыран аса ауыр күндерде ол мен үшін өте зор қуаныш еді. Әлбетте, соғыс басталғаннан бері алты белестен астам уақыт өтті. Компартия тарады, менің сол қуанышымды кейбіреулер түсінбеуі де мүмкін, ал майданда партияға ең жақсылар, озаттар қабылданды. Бұл менің замандастарымның тарихы, менің өмір жолымның тарихы.
1942 жылдың желтоқсанында Мәскеу маңындағы шайқаста жүргенімде Днепропетровск Қызылтулы артиллериялық училищесіне оқуға жіберді. Училище бес айлық жеделдетілген бағдарламамен майданға офицерлер дайындайды екен. Оқуды бітірген соң Оңтүстік майданның (кейінірек 1,2,3 Украина майдандары) 5-ші Дон казактары Қызылтулы кавалериялық корпустың 150-ші гвардиялық танкіге қарсы жойғыш Қызылтулы Корсунь полкына жіберді. Сөйтіп 5-ші Дон казактары корпусының осы полкының құрамында майданның көптеген мынадай әскери бағыттарында соғыстым: Украина және Молдавияда, Корсунь-Шевченко және Ясско-Кишинев операцияларын орындаудағы аса ірі жау топтарын қоршауға алып, жойып жіберуге қатыстым, Карпат тау бөктерінде, Трансильванияның шексіз-шетсіз жазықтарында шайқастарға араласып, Румынияны, Югославияны (Дунай өзенінің теріскейі), Венгрияны азат етуге, Будапешті алуға қатыстым. Соғысты Австрияда, Австриялық Альпі аймағында аяқтадым.
Аса қиын жауынгерлік өмірімде шегіну қасіреті, жеңістер қуанышы сынды көп жағдайларды басымнан кешіріп, шайқас алаңында көптеген жауынгер жолдастарымнан айырылдым. Олардың зираттары сазды және батпақты орман алқаптарында, өзен жағалауларында, төбешіктер мен алаңқайларда, өз елдерінен жырақта немесе шетелдерде қалып қойды. Көптеген молалар баяғыда-ақ жермен-жексен болды. Соғыстан аман калғандар және келер ұрпақ ірі шайқастарда қаза болған бүкіл жауынгердің ерлігіне аса зор мән беріп, құрметпен қарап, олардың рухына тағзым етуі керек.
Ақын айтқандай, «…Тірілерге сый-құрмет бәріміздің парызымыз, Соғыстан қайтпағандарға үш есе болар қарызымыз.»
Майданда ауыр жараланып, қатты зақымдандым. Отыз үкіметтік награда алдым. Оның ішінде шетелдің де наградасы бар. Бұдан басқа да Корсунь-Шевченко, Ясско-Кишинев, Будапешт операцияларында қорғаныс шебін бұзып өткеніміз үшін және неміс әскерлерін қоршауға алып, оларды жер жастандырып, белсенділік көрсеткеніме, тағы басқа жауынгерлік ерлігім үшін Жоғары Бас қолбасшы маршал И.В. Сталиннен 8 рет алғыс алдым. Әр алғысты майдангерлер